2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған Атбасар ауданы Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

1. Әкім (бұдан әрі – әкім) сайлауын тағайындау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде елу күн бұрын.

2024 жылғы 7 тамыз.

(113-1-б. 1-т.1) тт., 2-т)

2. Сайлау округінің тізімін, оның шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей.

2024 жылғы 17 тамыздан кешіктірмей.

 (22-б.2-т)

3. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірілмей.

2024 жылғы 17 тамыздан  кешіктірмей.

 (13-б. 4-т.)

4. Учаскелік сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірілмей.

2024 жылғы 22 тамыздан кешіктірілмей.

 (17-б. 2-т.)

5. Сайлау учаскесінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудан әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күн мерзімде

2024 жылғы 22тамыздан кешіктірілмей.

 (23-б. 5-т.)

6. Әкім болуға кандидаттарды ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар- өз мүшелері арасынан, азаматтар өзін-өзі ұсыну тәртібімен әкім болуға кандидат ретінде дауысқа түсу ниеті туралы аумақтық сайлау комиссиясына өтініш беру арқылы, сондай-ақ егер ұсыну мерзімі аяқталатын күнге екеуден аз кандидат ұсынылса, жоғары тұрған әкім.  

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

2024 жылғы 8 тамыздан басталады және  2024 жылғы 20 тамызда жергілікті уақыт сағат 18.00-де аяқталады.

 (113-3-б.)

7. Әкім болуға кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Аудандық сайлау комиссиясы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп.

(113-2 б 4-т)

8. Әкім болуға кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап.

 (14-б. 8-1т., 31-б.)

9. Әкім болуға кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда,  Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкестігі тексергеннен кейін үш күн мерзімде.

(113-4-б.)

10. Әкім болуға кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Аудандық сайлау комиссиясы құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерін тарта отырып.

Тиісті сайлау комиссиясына қол қою парақтары тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде.

 (113-4-б. 8-9-т.)

 

11. Жергілікті аткарушы органның шотына республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының бір еселенген мөлшерінде (2024 жылдың 1 қаңтар әр ұсынылған кандидатқа 85 000 теңге) сайлау жарнасын енгізуі

 

Әкім болуға кандидатттар,

саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін.

 (113-5-б. 2-т.)

12. Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын

уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен және нысанда ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне (2024 жылдың 1 тамыз) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны  тұрғылықты жеріндегі мемлекеттік кірістер органдарына ұсынады.

 

Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы)

Кандидат тіркелгенге дейін.

 (113-5-б. 3-т.)

13. Кандидат және оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде.

 (113-5-б. 3-т.)

14. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті  куәліктер беру

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат 18-00-де аяқталады.

2024 жылғы 8 тамызда басталады және  жергілікті уақыт  25 тамызда сағат 18.00-де аяқталады.

(113-5-б.)

15. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей.

 (113-5-б. 9-т.)

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Жергiлiктi атқарушы орган және аудандық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін.

2024 жылғы 24 тамызға дейін.

 (28-б. 6-т.)

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттар тіркелген мерзімі аяқталған кезден басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

2024 жылғы 25 тамыздан жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден  басталады және  2024 жылғы 14 қыркүйекте  жергілікті уақыт бойынша сағат нөл сағатта аяқталады.

(27-б. 2-т.)

18. Әкім болуға кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін              үй-жай беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірілген адамдарының бөлінген үй-жайда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергiлiктi атқарушы орган және аудандық сайлау комиссиясы.

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

 (28-б. 4-т.)

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша  әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну

 

Аудан әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын.

2024 жылғы 25 тамызға дейін.

 (24-б. 5-т.)

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда.

2024 жылғы 30 тамыздан бастап.

 (26-б. 1-т.)

 

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабарландыру

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей.

2024  жылғы 4 қыркүйекке дейін.

(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын.

2024 жылғы 12 қыркүйектен ерте емес және 14 қыркүйекке дейін.

 (37-б. 3-т.)

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда.

 2024 жылғы 15 қыркүйек жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де.

(40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін.

 (38-б. 1-т.)

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады.

 (18-б. 8) т., 43-б.)

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесi жалпыжұрттың танысуы үшiн сайлау учаскесiнiң үй-жайындағы арнайы белгiленген орынға дереу ілінеді.

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу.

 (43-б. 8-т.)

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аудандық сайлау комиссиясына ұсыну                                               

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

 (113-8-б. 1-т.)

28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей.

2024 жылғы 18 қыркүйектен кешіктірмей.

 (113-10-б.)

29. Әкімді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей.

2024 жылғы 21 қыркүйектен кешіктірмей.

 (44-б.)

30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлік беру

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде.

Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін.

2024 жылғы 21 қыркүйектен кешіктірмей.

 

(45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

 

 

Дата публикации
07 августа 2024