Атбасар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының "Атбасар ауданы Ақан Құрманов ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы" ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес, Атбасар аудандық сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Атбасар ауданы Ақан Құрманов ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округі құрылсын: Ақан Құрманов, Қаракөл және Қосбармақ ауылдарының шекараларында.
  2. Атбасар ауданы әкімдігінің интернет-парақшасында және «Простор-Атбасар» аудандық газетінде оның шекаралары мен орналасқан жері көрсетілген сайлау округінің тізімі жариялансын.

 

 

 

Дата публикации
07 августа 2024