Атбасар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының "Атбасар ауданы Ақан Құрманов ауылдық округінің әкімін сайлауды тағайындау туралы" ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Атбасар аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2024 жылғы 15 қыркүйекке Атбасар ауданы Ақан Құрманов ауылдық округінің әкімін сайлау тағайындалсын.
  2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған Атбасар ауданының Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулы Атбасар ауданы әкімдігінің интернет-парақшасында және «Простор-Атбасар» аудандық газетінде жариялансын.

 

 

Дата публикации
07 августа 2024