«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялау. «Атбасар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, E-4 санаты.

Атбасар ауданы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы мәліметтер

 

Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеу: 2024 жылғы 13 шілде

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 2024 жылғы 16 шілде

Сұхбат:  2024 жылғы 19 шілде

Анықтама телефоны: 87164324791

E-4 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 224700 теңге

Блок- В, грейд-4.

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазымның атауы:

«Атбасар ауданы әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы,  E-4 санаты

 

Функционалдық міндеттері:

Аудан әкімі аппаратында бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу және сүйемелдеу. Компьютерлер мен  бағдарламаларды техникалық қызмет көрсету және орнату. Мемлекеттік қызметтердің әрбір түрі бойынша Мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен мүмкіндіктері туралы халықты хабардар ету жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін бақылау. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асыру

Білімі бөлігіндегі талап:

педагогикалық ғылымдар  немесе өнер және гуманитарлық ғылым немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат немесе бизнес, басқару және құқық немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар немесе ветеринария немесе денсаулық сақтау немесе қызмет көрсету немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласындағы  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, Үлгілік біліктілік талаптарының 9-тармағына сәйкес жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Шағымдану тәртібі

Кандидаттар конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне не сот тәртібімен шағымдана алады.

Қарауға өтіңіз

 

 

Дата публикации
02 августа 2024