Атбасар ауданы әкімінің аппараты
Конкурс туралы мәліметтер
Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеу: 2024 жылғы 8 тамыз
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 2024 жылғы 8 тамыз
сұхбат: 2024 жылғы 13 тамыз
Анықтама телефоны: 87164324791
E-R-4 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 210 087 теңге
Блок-В, грейд-3.
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазымның атауы:
«Атбасар ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңіне, 2027 жылғы 04 мамырға дейін негізгі қызметкердің осы мерзім өткенге дейін жұмысқа шығу құқығымен), E-R-4 санаты
Функционалдық міндеттері:
Бөлімнің қаржы-шаруашылық қызметін жүргізу. Қаржыландыру жоспарын орындау. Бөлімнің мазмұны бойынша бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізу. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің қазынашылық органы арқылы жүргізілетін шоттар бойынша талдамалық есепке алуды, операцияларды есепке алуды жүргізу. Бөлім бюджетінің атқарылуы бойынша есептерді жасау, бөлім бюджетінің атқарылуы туралы айлық, тоқсандық, жылдық есепті және басқа да есептерді мерзімінде ұсыну. Бөлім бойынша Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар өткізуді ұйымдастыру. Бөлімнің, сондай-ақ ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің бюджет қаражатының үнемді және мақсатты жұмсалуын бақылау.
Білімі бөлігіндегі талап:
бизнес, басқару және құқық (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы) саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағымдану тәртібі
Кандидаттар конкурс қорытындыларына және /немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шағымдана алады.