«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялау (Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

Атбасар ауданы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы мәліметтер

 

Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеу: 2024 жылғы 8 тамыз

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 2024 жылғы 11 тамыз

Сұхбат:  2024 жылғы 13 тамыз

Анықтама телефоны: 87164324791

E-G-3 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 243 700 теңге

Блок-А, грейд-4.

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазымның атауы:

«Атбасар ауданының Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің  аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, E-G-3 санаты

Функционалдық міндеттері:

            Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша іс-шараларды іске асыру. Әкімнің нормативтік-құқықтық актілерін (шешімдерін, өкімдерін) және негізгі қызметі бойынша әзірлеу, заң сараптамасын қамтамасыз ету, қажет болған жағдайда оларды әділет органдарында одан әрі тіркеу. Әкім аппаратында қаралатын жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тиісінше орындау. Сайлаушылар тізімін жасау және салыстыру. Кадрлық іс жүргізуді жүргізу. Сыртқы ұйымдармен құзыреттілік шеңберіндегі өзара іс-қимыл. Нотариаттық іс-әрекеттерді орындау. Ауылдың, ауылдық округтердің шаруашылық кітаптарын жүргізу, әскери-есептік үстел жүргізу. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

 

Білімі бөлігіндегі талап:

бизнес, басқару және құқық  немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика немесе ақпаратттық-коммуникациялық технологиялар немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар немесе ауыл шаруашылығы биоресурстар немесе қызмет көрсету немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Шағымдану тәртібі

Кандидаттар конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне не сот тәртібімен шағымдана алады.

Қарауға өтіңіз

Дата публикации
02 августа 2024