Атбасар ауданы әкімінің аппараты
Конкурс туралы мәліметтер
Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеу: 2024 жылғы 8 тамыз
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 2024 жыл 10 тамыз
сұхбат: 2024 жылғы 12 тамыз
Анықтама телефоны: 87164324791
E-3 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 243 700 теңге
Блок-В, грейд-5.
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазымның атауы:
Атбасар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы, (уақытша, негізгі қызметкердің жүктілігі мен бала босануына байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңіне, 2024 жылғы 31 қазанына) «Е-3» санаты, 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері:
Бөлімнің жалпы басшылығы және жұмысын ұйымдастыру. Мемлекеттік орган қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда мемлекеттік органның мүдделерін белгіленген тәртіппен ұсыну. Атбасар ауданы әкімінің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізу. Аудан әкімдігінің мемлекеттік мекемелері әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға, қажет болған жағдайда әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жіберу. Аудан әкімдігінің басқа мемлекеттік мекемелері әзірлеген жағдайда келісу.
Мемлекеттік органның бірінші басшысының тапсырмасы бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік органның құжаттарын дайындау. Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік органда жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыруды насихаттау жөніндегі жыл сайынғы іс-шараларды әзірлеу және іске асыру.
Атбасар ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысының жұмысына жауапты.
Білімі бөлігіндегі талап:
Жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі немесе бизнес, басқару және құқық (құқықтану немесе халықаралық құқық) саласында
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
Шағымдану тәртібі:
Кандидаттар конкурс қорытындыларына және /немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шағымдана алады.