«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс

«Атбасар ауданы әкімінің аппараты» ММ (индекс 020400, Атбасар ауданы, Атбасар  қ., Уәлиханов көш. 9, анықтама үшін телефон –8 (716-43)2-47-91, электронды мекенжай: atbasar_sup@aqmola.gov.kz (электрондық хатты Мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы жолданңанда файлдардың  максималды жіберілетін көлемі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru. gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет)) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

«Атбасар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы, (уақытша, негізгі қызметкердің жүктілігі мен бала босануына байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңіне, 2024 жылғы 31 қазанына) «Е-3» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 226 837 теңгеден 260 564 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Бөлімнің жалпы басшылығы және жұмысын ұйымдастыру. Мемлекеттік орган қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда мемлекеттік органның мүдделерін белгіленген тәртіппен ұсыну. Атбасар ауданы әкімінің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізу. Аудан әкімдігінің мемлекеттік мекемелері әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға, қажет болған жағдайда әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жіберу. Аудан әкімдігінің  басқа мемлекеттік мекемелері әзірлеген жағдайда келісу.

Мемлекеттік органның бірінші басшысының тапсырмасы бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік органның құжаттарын дайындау. Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік органда жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыруды насихаттау жөніндегі жыл сайынғы іс-шараларды әзірлеу және іске асыру.

Атбасар ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысының жұмысына жауапты.

Блок-В, грейд-5

Дата публикации
19 июля 2024