«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялау. «Атбасар ауданы Атбасар қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, E-G-3 санаты.

Атбасар ауданы әкімінің аппараты

Конкурс туралы мәліметтер

 

Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеу: 2024 жылғы 13 шілде

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 2024 жылғы 16 шілде

Сұхбат:  2024 жылғы 19 шілде

Анықтама телефоны: 87164324791

E-G-3 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 243 700 теңге

Блок-А, грейд-4.

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазымның атауы:

«Атбасар ауданы Атбасар қаласы әкімінің  аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, E-G-3 санаты

 

Функционалдық міндеттері:

Кондоминиум нысандарының, пәтер және үй-жай иелері кооперативтерінің өкілдерімен, саяжай және бау-бақша қоғамдарымен өзара іс-қимыл бойынша жұмысты ұйымдастыру. Атбасар қаласы бойынша инженерлік желілерді төсеу кезінде жер жұмыстарын жүргізуді бақылау бойынша жұмыстар жүргізу.Аппараттың ұйымдастыру жұмысын реттейтін құжаттарды дайындауға қатысу. Қоғамдық-саяси мақсаттағы іс-шараларды өткізуге қатысу. Қала әкімінің қатысуымен іс-шараларды ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Азаматтар мен заңды тұлғаларға консультациялық көмек көрсету. Қала әкімінің халықпен есептік кездесулерін дайындау және ұйымдастыру.

Білімі бөлігіндегі талап:

педагогикалық ғылымдар  немесе өнер және гуманитарлық ғылым немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат немесе бизнес, басқару және құқық немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар немесе ветеринария немесе денсаулық сақтау немесе қызмет көрсету немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласындағы  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Шағымдану тәртібі

Кандидаттар конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне не сот тәртібімен шағымдана алады.

 

Өтініш беру

Дата публикации
12 июля 2024