«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялау. «Атбасар ауданы Атбасар қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, (уақытша, негізгі қызметкердің жүктілікке және босануы байланысты демалыс кезеңіне, 2024 жылғы 13 қазанына дейін), E-G-3 санаты.

Атбасар ауданы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы мәліметтер

 

Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеу: 2024 жылғы 13 шілде

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 2024 жылғы 16 шілде

Сұхбат:  2024 жылғы 19 шілде

Анықтама телефоны: 87164324791

E-G-3 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 210 087 теңге

Блок-В, грейд-3.

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазымның атауы:

«Атбасар ауданы Атбасар қаласы әкімінің  аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, (уақытша, негізгі қызметкердің жүктілікке және босануы байланысты демалыс кезеңіне, 2024 жылғы 13 қазанына дейін), E-G-3 санаты

Функционалдық міндеттері:

Қала әкімі аппараты қызметінің заңдылығын сақтауды қамтамасыз ету. Нормативтік актілердің, шешімдердің, өкімдердің және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын дайындау.

Қала әкімінің мүддесін құқық қорғау және сот органдарында, сондай-ақ басқа да ұйымдарда білдіреді. Құзырет саласында мемлекеттік қызметтер көрсету. Азаматтар мен заңды тұлғаларға консультациялық көмек көрсету. Қала әкімі аппараты қызметкерлерінің құқықтық білімін арттыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, қала әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын бақылау.

Білімі бөлігіндегі талап:

бизнес, басқару және құқық (құқықтану) саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Шағымдану тәртібі

Кандидаттар конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне не сот тәртібімен шағымдана алады.

 

Өтініш беру

Дата публикации
12 июля 2024