Атбасар ауданы әкімінің аппараты
Конкурс туралы мәліметтер
Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеу: 2024 жылғы 13 шілде
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 2024 жылғы 16 шілде
Сұхбат: 2024 жылғы 19 шілде
Анықтама телефоны: 87164324791
E-G-3 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 210 087 теңге
Блок-В, грейд-3.
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазымның атауы:
«Атбасар ауданының Макеевка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, (уақытша, негізгі қызметкердің жүктілікке және босануы байланысты демалыс кезеңіне, 2026 жылғы 15 қазанына дейін), E-G-3 санаты
Функционалдық міндеттері:
Ауыл, ауылдық округ аппаратының іс қағаздарын жүргізу. Е-өтініш базасында өтініштердің есебін жүргізу. Әкім аппараты бойынша 1-ОЛ статотчетін дайындау және базаны ай сайын түсіру. Ауылдық округ әкімі аппаратының азаматтарды есепке алу және қабылдау журналын, сондай-ақ азаматтардың өтініштеріне байланысты хат-хабарларды жүргізу. Мемлекеттік мұрағатқа құжаттарды дайындау және тапсыру бойынша жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ жойылуға жататын құжаттарды іріктеу.
Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді орындау.
Білімі бөлігіндегі талап:
педагогикалық ғылымдар немесе өнер және гуманитарлық ғылым немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат немесе бизнес, басқару және құқық немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар немесе ветеринария немесе денсаулық сақтау немесе қызмет көрсету немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағымдану тәртібі
Кандидаттар конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне не сот тәртібімен шағымдана алады.