«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялау. «Атбасар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы, E-4 санаты.

Атбасар ауданы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы мәліметтер

 

Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеу: 2024 жылғы 13 шілде

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 2024 жылғы 16 шілде

Сұхбат:  2024 жылғы 19 шілде

Анықтама телефоны: 87164324791

E-4 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 224700 теңге

Блок- В, грейд-4.

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазымның атауы:

«Атбасар ауданы әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы,  E-4 санаты

 

Функционалдық міндеттері:

Мемлекеттік орган қызметінің құқықтық мәселелерін қарастыру кезінде сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда мемлекеттік органның мүдделерін белгіленген тәртіппен ұсыну. Мемлекеттік орган әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға, оның ішінде оларды мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен қатысу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, құқық бұзушылықтардың, нашақорлық пен есірткі бизнесінің және басқалардың алдын алу саласында мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі жыл сайынғы іс-шараларды әзірлеу және іске асыру. Заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда мемлекеттік органның құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік органның атынан түсініктемелер дайындау.

Мемлекеттік органға келіп түсетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жүйелі есепке алуды ұйымдастыру және сақтау. Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссиясы хатшысының функциясын атқару

Білімі бөлігіндегі талап:

бизнес, басқару және құқық (құқықтану немесе халықаралық құқық) саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, Үлгілік біліктілік талаптарының 9-тармағына сәйкес жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Шағымдану тәртібі

Кандидаттар конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне не сот тәртібімен шағымдана алады.

Өтініш беру

Дата публикации
12 июля 2024