БЖЗҚ-да "Ашық есік күні"

Халық арасындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 2024 жылдың 11 маусымында "БЖЗҚ" АҚ "Ашық есік күнін"өткізеді.

Күннің басты тақырыбы - "Цифрлық БЖЗҚ. Қордың электрондық қызметтеріндегі жаңашылдықтар".

БЖЗҚ-ның электрондық қызметтерін қалай дұрыс пайдалануға болады? Ол үшін не қажет? 2024 жылы қандай жаңалықтар қолжетімді болды?

Осы және өзге де сұрақтарға аталмыш іс-шара барысында Қор мамандары жауап береді.

Естеріңізге сала кетейік, "Ашық есік күні " іс-шарасы онлайн-форматта 2024 жылдың 11 маусымы күні сағат 10:00, 12:00 және 15:00 өтеді.

Іс-шараға қатысу үшін сілтеме https://kurl.ru/akm0624 бойынша өту қажет. Содан кейін event-кеңестің нөмірін 2518 477 7250 және event-кеңестің паролін 1234 енгізіңіз.

"БЖЗҚ" АҚ "Ашық есік күнінде" өз салымшыларын (алушыларын) және барлық ниет білдірушілерді күтеді!

 

Дата публикации
10 июня 2024