Атбасар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ № 3/8 2020 жылғы 21 тамыз

Ақан Құрманов ауылдық округi әкiмiнiң кезектi сайлау

және Ярославка ауылдық округi шығып қалған әкiмiнiң орнына тағайындау туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн — өзi басқару туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 36-1 бабына сәйкес Атбасар аудандық сайлау комиссиясы

ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1.Ақан Құрманов ауылдық округi әкiмiнiң өкiлеттiк мерзiмiнiң аяқталуына байланысты кезектi сайлау 2020 жылғы 30 қыркүйекке тағайындалсын.

2.Ярославка ауылдық округi шығып қалған әкiмiнiң орнына сайлау 2020 жылғы 30 қыркүйекке тағайындалсын.

3.Ақан Құрманов, Ярославка ауылдық округiнiң әкiмдерiнiң сайлауын дайындау мен өткiзу жөнiндегi негiзгi iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспары бекiтiлсiн (қосымша).

4.Әкiмдiкке кандидаттарды ұсыну 2020 жылғы 31 тамыздан басталады және 2020 жылғы 4 қыркүйекте аяқталады.

5.Осы қаулы Атбасар ауданы әкiмiнiң аппараты мен облыстық сайлау комиссиясына жiберiлсiн.

6.Осы қаулы бұкаралық ақпарат кұралдарында жариялансын.

Комиссия төрағасы Т. Боранбаев
Комиссия хатшысы Ж. Дюсембина

Дата публикации
16 сентября 2020