БҰЙЫРАМЫН:
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 17-1, 17-2, 17-3, 17-4, 17-5 және 17-6 тармақтармен толықтырылсын:
«17-1. Тұрғын үй комиссиясы жұп санды кемінде алты адамнан, оның ішінде кәсіподақ ұйымының өкілдерінен (болған жағдайда), жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер өкілдерінен қалыптастырылады.
17-2. Тұрғын үй комиссияны:
1) орталық мемлекеттік органда - аппарат басшысы;
2) жергілікті атқарушы органдарда, мемлекеттік кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде - бірінші басшысының орынбасары басқарады.
17-3. Тұрғын үй комиссияның хатшысы дауыс беру құқығынсыз тұрғын үй комиссиясының мүшесі болып табылады.
17-4. Тұрғын үй комиссиясының хатшысы тұрғын үй комиссиясы отырысының хаттамасын жүргізеді.
17-5. Тұрғын үй комиссиясының шешімі дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады.
17-6. Тұрғын үй комиссиясының шешімі, егер оны қатысып отырған мүшелердің үштен екісі қабылдаса, заңды деп есептелінеді.»;
18 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Тұрғын үй комиссиясы өтініш беруші осы Қағидалардың
17-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде тұрғын үйді беру не жазбаша түрде дәлелді бас тарту туралы шешім шығарады.»;
20- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шарты үш данада жасалады. Олардың біреуі мемлекеттік мекеменің (мемлекеттік кәсіпорынның) әкімшілігінде сақталады, екіншісі жергілікті атқарушы органға мемлекеттік мүлік тізіліміне (бұдан әрі – тізілім) тіркеу үшін беріліп, қатаң есептілік құжаты ретінде сақталады, үшіншісі өтініш берушіге беріледі және тұрғын үйге қоныстануға құқық беретін бірден-бір құжат болып табылады.
Жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) тізілімнің www.e-qazyna.kz веб-порталында олармен жасалған тұрғын үйдi жалдау шарттары бойынша, оның ішінде шарттың талаптары, шарт бойынша есептер, бюджетке аударылған төлемдер және бар болса, өсімпұл бойынша ақпаратты қарауға құқылы.»;
26- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Жалға алушылар (қосымша жалға алушылар) тұрғын үйді босатқан кезде жалға берушіге тұрғын үйді берген орган белгілеген нысанға сәйкес қабылдау-тапсыру актісі бойынша тұрғын үйді береді, ол туралы ақпаратты жалға беруші үш күн ішінде тізілімге енгізеді.».
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
|
К. Шарлапаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 06.05.2024
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 34338 болып енгізілді
Результаты согласования
Министерство промышленности и строительства РК - заместитель директора Данира Кайратовна Сураужанова, 19.04.2024 18:05:57, положительный результат проверки ЭЦП
Министерство юстиции РК - Вице-министр юстиции Республики Казахстан Ботагоз Шаймардановна Жакселекова, 29.04.2024 15:13:00, положительный результат проверки ЭЦП
Результаты подписания
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министірлігі - Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі К. Шарлапаев, 03.05.2024 17:37:37, положительный результат проверки ЭЦП