2024 жылғы 5 мамырда Атбасар ауданы Сепе ауылдық округ әкімін бір сайлау округі бойынша сайлауы өтті.
Атбасар аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, ауылдық округ әкімінің сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Сепе сайлау округі
Сепе ауылдық округ әкімін сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 638 азамат енгізілді, олардың 477 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 6, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылған - 15.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Бахтина С.В. – 27; Талипова С.Н. – 27; Тасымов М.Ж –402.
1974 жылы туған, Сепе ауылдық округ әкімі, «AMANAT» партиясынан ұсынылған, Сепе ауылында тұратын Тасымов Мейрам Жағыпарұлы Сепе ауылдық округ әкімі болып сайланды.
Атбасар аудандық сайлау комиссиясы.