«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялау

Атбасар ауданы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы мәліметтер

 

Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеу: 2024 жылғы 18 сәуір

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 2024 жылғы 20 сәуір

сұхбат:  2024 жылғы 22 сәуір

Анықтама телефоны: 87164324791

E-R-4 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 243 700 теңге

Блок-А, грейд-4.

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

 

Лауазымның атауы:

«Атбасар ауданының жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, E-R-4 санаты

 

Функционалдық міндеттері:

 

Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеумен және барлаумен байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жер учаскелерін беру бойынша аудандық атқарушы органның ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау жөніндегі жұмысты жүзеге асыру; елді мекендердің аумақтарын жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмысты жүзеге асыру; жерді резервтеу жөніндегі ұсыныстар жобаларын дайындау жөніндегі жұмысты жүзеге асыру; ауданның жер балансын жасау жөніндегі жұмысты жүзеге асыру; Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқықтық қатынастарының басқа да субъектілерін есепке алу жөніндегі жұмысты жүргізу; жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау жөніндегі жұмысты жүзеге асыру; жер сауда-саттығын (аукциондарын) өткізуді ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жүзеге асыру; иесіз жер учаскелерін анықтау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруға қатысу және оларды жер есепке алу; Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылмайтын және пайдаланылатын жерлерді анықтау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қатысу; прокуратурамен, соттармен және басқа да мүдделі ведомстволармен жер қатынастары мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген басқа да міндеттерді орындау.

 

Білімі бөлігіндегі талап:

 

инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (сәулет немесе геодезия және картография немесежерге орналастыру немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру немесе құрылыс) немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар (топырақтану және агрохимия немесе жерді мелиорацияялау, баптау және қорғау)саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Шағымдану тәртібі

Кандидаттар конкурс қорытындыларына және /немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шағымдана алады.

 

Дата публикации
04 мая 2024