«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялау

Атбасар ауданы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы мәліметтер

 

Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеу: 2024 жылғы 22 сәуір

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 2024 жылғы 24 сәуір

Сұхбат:  2024 жылғы 26 сәуір

Анықтама телефоны: 87164324791

E-G-3 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 210 087 теңге

Блок-В, грейд-3.

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазымның атауы:

«Атбасар ауданы Атбасар қаласы әкімінің  аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, (уақытша, негізгі қызметкердің жүктілікке және босануы байланысты демалыс кезеңіне, 2026 жылғы 19 тамызына дейін), E-G-3 санаты

Функционалдық міндеттері:

Аппараттың ұйымдастыру жұмысын реттейтін құжаттарды дайындауға қатысу. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен және жұртшылықпен өзара іс-қимылды жүзеге асыру, ресми сұрауларға жауаптар дайындау, ұйымның қызметі туралы ақпараттық материалдарды уақтылы тарату. Тұрғын үйді мүліктік жалдау (жалға алу) шарттарын дайындауды және жасасуды жүзеге асыру. Мүліктік жалдау шарттары талаптарының сақталуын бақылау. Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен тұрғын үйлерді (жаңадан пайдалануға берілетін немесе тұрғындар босатқан) қоныстандыру жөніндегі ұйымды өткізу.

Істерді ресімдеу және әкім аппаратының ведомстволық мұрағатына тапсыру жөніндегі жұмысты жүзеге асыру. Қала әкімі аппаратының жұмысын материалдық-техникалық қамтамасыз ету. Қала әкімінің қатысуымен өткізілетін отырыстарға, кеңестерге, семинарларға және басқа да іс-шараларға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру. Алдағы іс-шаралар туралы меншіктің барлық нысандарын хабардар ету жөніндегі жұмыстар. Ономастика және қаланың тарихи – мәдени мұрасын сақтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асыру

 

Білімі бөлігіндегі талап:

педагогикалық ғылымдар  немесе өнер және гуманитарлық ғылым немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат немесе бизнес, басқару және құқық немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар немесе ветеринария немесе денсаулық сақтау немесе қызмет көрсету немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Шағымдану тәртібі

Кандидаттар конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне не сот тәртібімен шағымдана алады.

Дата публикации
25 апреля 2024