2024 жылғы 16-17 мамырда Астана қаласында Азиядағы өзара іс – қимыл және сенім шаралары жөніндегі Кеңестің волонтерлік қозғалыстары көшбасшыларының Слетін (бұдан әрі - Слет) өткізу жоспарланып отыр, оған әлемнің 27 елінен делегаттар қатысады.
Осы Слет шеңберінде, 2024 жылғы 16 мамырда ағаш отырғызу бойынша «Жас Ағаш» бірыңғай республикалық экоакциясын өткізу көзделген.
Табиғатты қорғау біздің заманымыздың ең маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Табиғатқа қамқорлық жасау әр адам үшін бірінші кезектегі міндет болуы керек. Таза ауаның болуы жер бетіндегі барлық тіршілік иелері үшін қажет болып табылады. Біз болашақ ұрпақтарымыз үшін табиғатты сақтауда қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек.
Осыған байланысты, 2024 жылғы 16 мамырда экоакция барысында бүкіл республика бойынша ағаштар мен бұталарды отырғызу жоспарлануда.
Акцияның мақсаты: Азаматтарды, сондай-ақ волонтерлерді, волонтерлік топтарды, ұйымдарды және басқаларды тарта отырып, жасыл желектерді ұлғайту және саябақтарды, аллеяларды, скверлерді және басқа да учаскелерді көгалдандыру бойынша халықтың тұратын аумағындағы қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту және экологиялық тазалықты сақтау.
Өткізу мерзімі: 2024 жылғы 16 мамыр сағат 15.00-де.
Өтетін орны: ҚР 20 өңірі (ЖАО-ның келісімі бойынша).
Акцияға қатысушылар: Слетке қатысушы елдердің делегаттары, волонтерлер, волонтерлік топтары мен ұйымдары, елді мекендердің тұрғындары, белсенді мектеп, студент және жұмысшы жастар, азаматтық және үкіметтік емес сектор өкілдері, шағын, орта және ірі бизнес өкілдері, этномәдени бірлестіктер, БАҚ, мемлекеттік органдар және басқалар.
Тапсырмалар: