Атбасар аудандық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 5 мамырға тағайындалған Сепе ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы Хабарлама

Атбасар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы  «Қазақстан Республикасындағы

сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына  сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап шешті:

               

  1. Әкімдікке кандидаттар болып тіркелсін:

Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)  

 

 

Туған жылы

 Атқаратын лауазымы (кәсібі), жұмыс орны және тұрғылықты жері

Бахтина Светлана Васильевна

    1974

«Шұнқыркөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Новомариновка ауылында тұрады.

Тасимов Мейрам Жагипарұлы

    1974

Атбасар ауданы Сепе ауылдық округінің әкімі, Сепе ауылында тұрады.

Талипова Светлана Николаевна

    1969

«Покровка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ бас маманы, Покровка ауылында тұрады.

  1. Тіркелген әкімдікке кандидаттарға тиісті куәліктер берілсін.
  2. Тіркелген әкімдікке кандидаттар сайлау бюллетеніне енгізілсін.
  3. Кандидаттарды тіркеу туралы хабар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

 Төрағасы                                                                                    А.Рыскелдин                                                                                                       

Хатшысы                                                                                   С.Шарипова

           

 

 

2024 жылғы «12» сәуір

Дата публикации
15 апреля 2024