Атбасар ауданы әкімінің аппараты
Конкурс туралы мәліметтер
Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеу: 2024 жылғы 18 сәуір
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 2024 жылғы 20 сәуір
сұхбат: 2024 жылғы 22 сәуір
Анықтама телефоны: 87164324791
E-G-4 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 156 129 теңге
Блок-С, грейд-1.
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазымның атауы:
«Атбасар ауданының Мариновка ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы, (уақытша, негізгі қызметкердің баласы 3 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңіне, 2026 жылғы 4 желтоқсанына дейін, осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар) E-G-4 санаты
Функционалдық міндеттері:
Ауыл, ауылдық округ аппаратының іс қағаздарын жүргізу. ЕУОЛ ААЖ базасында өтініштердің есебін жүргізу. Әкім аппараты бойынша 1-ОЛ статотчетін дайындау және базаны ай сайын түсіру. Ауылдық округ әкімі аппаратының азаматтарды есепке алу және қабылдау журналын, сондай-ақ азаматтардың өтініштеріне байланысты хат-хабарларды жүргізу. Мемлекеттік мұрағатқа құжаттарды дайындау және тапсыру бойынша жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ жойылуға жататын құжаттарды іріктеу
Білімі бөлігіндегі талап:
педагогикалық ғылымдар немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат немесе бизнес, басқару және құқық немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар немесе инженерлік, өңдеу және құрылысы салалары немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар немесе ветеринария немесе денсаулық сақтау немесе қызмет көрсету немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағымдану тәртібі
Кандидаттар конкурс қорытындыларына және /немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шағымдана алады.