Атбасар ауданында су тасқыны жағдайына байланысты «Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ «Дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) бір рет үш айдан кешіктірмей 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде әлеуметтік көмек кірістер есепке алынбай, өтініш бойынша көрсетіледі» Атбасар ауданының мәслихатының 2023 жылғы 17 қарашадағы № 8С 9/4 «Aтбасар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары» шешімімен қамтамасыз етілгеннің қала тұрғындарына хабарлайды. 2024 жылы әлеуметтік көмектің сомасы 184600 теңгені құрайды. Әрекеттер алгоритмі:1. "Атбасар ауданының төтенше жағдайлар бөлімі" РММ су тасқынынан зардап шеккен тұрғын үй иесіне акт жасауы қажет. Сондай-ақ Атбасар ауданында тұрақты тіркелу болу қажет.2. «Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не қажетті құжаттар пакетін ұсыну. Құжаттар тізімі:
1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне келтірілген залал фактісін растайтын құжат.
Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне келтірілген залал фактісін растайтын құжат Атбасар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің актісі болып табылады.
Сондай-ақ ақша аудару үшін 20 саннан тұратын банктік шотын ұсыну қажет.
Әлеуметтік көмек тағайындау (бас тарту) мәселесі Атбасар ауданының әкімдігінің арнайы комиссия отырысында қаралатын болады.
Қосымша ақпаратты және кеңесті «Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Лука Белаш көшесі 109В мекен-жайында, 5-61-55, 5-61-42, 5-61-49, 8 777 592 78 16, 8 705 659 43 59, 8 766 281 64 97. телефондары бойынша алуға болады.