Атбасар ауданы әкімінің аппараты
Конкурс туралы мәліметтер
Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеу: 2024 жылғы 27 наурыз
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 2024 жылғы 29 наурыз
сұхбат: 2023 жылғы 1 сәуір
Анықтама телефоны: 87164324791
E-R-4 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 243 700 теңге
Блок-А, грейд-4.
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазымның атауы:
«Атбасар ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, E-R-4 санаты
Функционалдық міндеттері:
Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, аудан бюджеті бойынша түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау және жүргізу. Бюджеттің атқарылу процесінде жиынтық жоспарға енгізілетін өзгерістерді есепке алу, бақылау және талдау, аудан бюджетінің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысының мониторингі. Бюджеттік мониторинг. Нысаналы трансферттер мен кредиттердің орындалуын талдау. Бюджет қаражатының үнемді және мақсатты жұмсалуын бақылау. Аудан бюджетінің атқарылуы бойынша есептерді жасау, бюджеттік және қаржылық есептілікті жүргізу. Бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және Бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру. Бюджетке артық (қате) төленген сомаларды қайтаруға (есепке жатқызуға) қорытынды жасау. Шоғырландырылған бюджеттік және қаржылық есептілікті жүргізу. Бұқаралық ақпарат құралдарында азаматтық бюджетті құру және орналастыру. Қазақстан Республикасының заңнамасымен мемлекеттік мекемеге жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Білімі бөлігіндегі талап:
бизнес, бақылау және құқық (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы) саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағымдану тәртібі
Кандидаттар конкурс қорытындыларына және /немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шағымдана алады.