2020 жылдың 1 тамызына қарай Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,1 триллион теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.08.2019 жылдан бастап 01.08.2020 жылға дейiнгi бiр жыл iшiнде зейнетақы жинақтарының сомасы шамамен 1,9 триллион теңгеге немесе 19% өстi. Бәрiмiзге белгiлi, бұл сомаға зейнетақы жарналары мен инвестициялық табыс кiредi.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 тамызына дейiн БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 752,98 млрд теңге мөлшерiндегi таза инвестициялық табыс есептелдi, ол өткен 2019 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 389,77 млрд теңгеге артық.
Жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) түсетiн, есебiн БЖЗҚ жүргiзетiн зейнетақы жарналарын сенiмгерлiкпен басқарушы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi (ҚР ҰБ) түрлi қаржы құралдарына инвестициялайды. Ұлттық Банк зейнетақы активтерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Зейнетақы активтерi есебiнен сатып алуға рұқсат етiлген қаржы құралдарының тiзбесiне және БЖЗҚ инвестициялық декларациясына сәйкес инвестициялау лимиттерiне сай инвестициялайды.
Тәуекелдердi азайту мақсатында қаржы құралдары инвестициялаудың түрлерi, бағыттары, оның iшiнде валюталар бойынша әртараптандырылады. Қазiргi уақытта инвестициялардың 2/3 теңгемен және 1/3 шетел валютасымен, соңғысының басым бөлiгi — АҚШ долларымен номиналданады.
Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы активтерiн инвестициялау нәтижелерiне сәйкес күн сайын қайта есептеледi және қайта бағаланады.
Инвестициялық кiрiс құрамына бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау, валюталық қайта бағалау түрiндегi табыстар, сыртқы басқарудағы активтер бойынша алынған табыстар және т. б. кiредi. Инвестициялық табыс — тұрақсыз шама, сол себептi ол қысқа мерзiмдiк кезеңде оң немесе терiс болуы мүмкiн.
Сонымен қатар зейнетақы жинақтары — бұл ұзақ мерзiмдi инвестициялар және инвестициялық табыс мөлшерiн кемiнде 1 (бiр) жыл кезеңде талдаған дұрыс екендiгiне назар аударамыз. Қысқа мерзiмдi деректер (күн сайынғы, ай сайынғы және т. б.) — көрсеткiш бола алмайды, өйткенi, олар күнделiктi нарықтық жағдайдың өзгеруiне тәуелдi.
2013 жылдың қыркүйек айынан бастап 2020 жылдың тамыз айына дейiн зейнетақы активтерiн басқару кезеңiнде Ұлттық банк қамтамасыз еткен инвестициялық табыс зейнетақы жинақтарының жалпы көлемiнiң 33% астамын немесе 4,0 трлн теңгенi құрады.
Қазақстанда 1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесi енгiзiлген күннен бастап 2020 жылдың 1 тамызына дейiнгi кезең iшiндегi таза инвестициялық табыс 5 трлн теңгеден асып түскенiн атап өткен жөн. Жинақтаушы зейнетақы жүйесi жүмыс iстеген кезеңдегi инвестициялық табыстың бiртiндеп өсу нәтижесi — 577%. Бұл реттегi инфляцияның бiртiндеп өсу нәтижесi — 479,4%. Осылайша зейнетақы активтерiнiң 2020 жылдың 1 тамызындағы нақты табыстылығы 97,6 % құрады.
Инвестициялық басқару және зейнетақы активтерiн есепке алудың барлық жүйесi айқын, әрi ашық жүргiзiледi: әрбiр салымшы өзiнiң инвестициялық табысын enpf.kz сайтындағы жеке кабинетi немесе ұялы қосымша арқылы бақылап отыру мүмкiндiгiне ие. Сондай-ақ, БЖЗҚ-дағы зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару және БЖЗҚ зейнетақы активтерi орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпаратты да ала алады, ол БЖЗҚ-ның ресми сайтындағы (www.enpf.kz) «Көрсеткiштер/Инвестициялық қызмет» бөлiмiнде тұрақты жарияланып отырады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).