Атбасар аудандық сайлау комиссиясының
2024 жылғы 27 наурыздағы № 1/5 қаулысымен бекітілді
2024 жылғы 5 мамырға тағайындалған Атбасар ауданы
Сепе ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауын
әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ
|
1. Әкім (бұдан әрі – әкім) сайлауын тағайындау |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде елу күн бұрын. 2024 жылғы 27 наурыз. (113-1-б. 1-т.1) тт., 2-т) |
|
2. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей. 2024 жылғы 6 сәуірден кешіктірмей. (22-б.2-т) |
|
3. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірілмей. 2024 жылғы 6 сәуірден кешіктірмей. (13-б. 4-т.) |
|
4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірілмей. 2024 жылғы 11 сәуірден кешіктірілмей. (17-б. 2-т.) |
|
5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аудан әкімі Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күн мерзімде 2024 жылғы 11 сәуірден кешіктірілмей. (23-б. 5-т.) |
|
6. Әкім болуға кандидаттарды ұсыну
|
|
|
|
Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар- өз мүшелері арасынан, азаматтар өзін-өзі ұсыну тәртібімен әкім болуға кандидат ретінде дауысқа түсу ниеті туралы аумақтық сайлау комиссиясына өтініш беру арқылы, сондай-ақ егер ұсыну мерзімі аяқталатын күнге екеуден аз кандидат ұсынылса, жоғары тұрған әкім. Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. 2024 жылғы 28 наурыздан басталады және 2024 жылғы 9 сәуірде жергілікті уақыт сағат 18.00-де аяқталады. (113-3-б.) |
|
7. Әкім болуға кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп. (113-2 б 4-т) |
|
8. Әкім болуға кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап. (14-б. 8-1т., 31-б.) |
|
9. Әкім болуға кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Кандидаттың Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкестігі тексергеннен кейін үш күн мерзімде. (113-4-б.) |
|
10. Әкім болуға кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерін тарта отырып. Тиісті сайлау комиссиясына қол қою парақтары тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде. (113-4-б. 8-9-т.)
|
|
11. Жергілікті аткарушы органның шотына республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының бір еселенген мөлшерінде (2024 жылдың 1 қаңтар әр ұсынылған кандидатқа 85 000 теңге) сайлау жарнасын енгізуі |
|
|
|
Әкім болуға кандидатттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін) Кандидат тіркелгенге дейін. (113-5-б. 2-т.) |
|
12. Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен және нысанда ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне (2024 жылдың 1 наурыз) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тұрғылықты жеріндегі мемлекеттік кірістер органдарына ұсынады. |
|
|
|
Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) Кандидат тіркелгенге дейін. (113-5-б. 3-т.) |
|
13. Кандидат және оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру |
|
|
|
Мемлекеттік кіріс органдары Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде. (113-5-б. 3-т.) |
|
14. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат 18-00-де аяқталады. 2024 жылғы 28 наурызда басталады және жергілікті уақыт 14 сәуірде сағат 18.00-де аяқталады. (113-5-б.) |
|
15. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей. (113-5-б. 9-т.) |
|
16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру |
|
|
|
Жергiлiктi атқарушы органдар және аумақтық сайлау комиссиясы Үгіт басталғанға дейін. 2024 жылғы 13 сәуірге дейін. (28-б. 6-т.) |
|
17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу |
|
|
|
Кандидаттар тіркелген мерзімі аяқталған кезден басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады. 2024 жылғы 14 сәуірден жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден басталады және 2024 жылғы 4 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат нөл сағатта аяқталады. (27-б. 2-т.) |
|
18. Әкім болуға кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жай беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірілген адамдарының бөлінген үй-жайда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Жергiлiктi атқарушы органдар және аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.) |
|
19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну |
|
|
|
Аудан әкімі Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын. 2024 жылғы 14 сәуірге дейін. (24-б. 5-т.) |
|
20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда. 2024 жылғы 19 сәуірден бастап. (26-б. 1-т.)
|
|
21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабарландыру |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей. 2024 жылғы 24 сәуірге дейін. (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.) |
|
22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын. 2024 жылғы 2 мамырдан ерте емес және 4 мамырға дейін. (37-б. 3-т.) |
|
23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда. 2024 жылғы 5 мамыр жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де. (40-б. 1-т.) |
|
24. Дауыс беруді өткізу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін. (38-б. 1-т.) |
|
25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады. (18-б. 8) т., 43-б.) |
|
26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесi жалпыжұрттың танысуы үшiн сайлау учаскесiнiң үй-жайындағы арнайы белгiленген орынға дереу ілінеді. |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу. (43-б. 8-т.) |
|
27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аудандық сайлау комиссиясына ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (113-8-б. 1-т.) |
|
28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей. 2024 жылғы 8 мамырдан кешіктірмей. (113-10-б.) |
|
29. Әкімді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей. 2024 жылғы 11 мамырдан кешіктірмей. (44-б.)
|
|
30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлік беру |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде. Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін. 2024 жылғы 11 мамырдан кешіктірмей.
(45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т) |
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.