«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялау

Атбасар ауданы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы мәліметтер

 

Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеу: 2024 жылғы 28 ақпан

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 2024 жылғы 01 наурыз

Сұхбат:  2024 жылғы 06 наурыз

Анықтама телефоны: 87164324791

E-4 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 224700 теңге

Блок- В, грейд-4.

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

 

Лауазымның атауы:

«Атбасар ауданы әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесінің бірыңғай персоналды басқару  қызметінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңіне, 2026 жылғы 03 желтоқсанға дейін негізгі қызметкердің осы мерзім өткенге дейін жұмысқа шығу құқығымен),  E-4 санаты

 

Функционалдық міндеттері:

Конкурстық комиссияның қызметін қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметке кіруіне, өтуіне байланысты жұмыстар кешенін орындау, «Е-қызмет» ИАЖ мемлекеттік қызметшілерінің электрондық базасын жүргізу. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізу. Аудан әкімі аппаратының, Атбасар қаласы,ауыл және ауылдық округ әкімдерінің және дербес бөлімдердің мемлекеттік қызметшілерінің жеке істерін жүргізу және олармен тұрақты жұмыс жүргізу. Мемлекеттік қызметшілер мұрағаттарының мазмұны. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік қызметшілерді әскери есепке алуды және броньдауды жүргізу.   

Білімі бөлігіндегі талап:

педагогика ғылымдары немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат немесе бизнес, басқару және құқық немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс индустриясы немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар немесе ветеринария немесе денсаулық сақтау немесе қызмет көрсету немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери қызмет саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Шағымдану тәртібі

Кандидаттар конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне не сот тәртібімен шағымдана алады.

Өтініш беру

Дата публикации
15 марта 2024