Атбасар ауданы әкімінің аппараты
Конкурс туралы мәліметтер
Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеу: 2024 жылғы 28 ақпан
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 2024 жылғы 01 наурыз
Сұхбат: 2024 жылғы 06 наурыз
Анықтама телефоны: 87164324791
E-G-3санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 224700 теңге
Блок-А, грейд-4.
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазымның атауы:
«Атбасар ауданы Атбасар қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, E-G-3санаты
Функционалдық міндеттері:
Қала әкімі аппараты қызметінің заңдылығын сақтауды қамтамасыз ету. Нормативтік актілердің, шешімдердің, өкімдердің және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын дайындау. Қала әкімінің мүддесін құқық қорғау және сот органдарында, сондай-ақ басқа да ұйымдарда білдіреді. Құзырет саласында мемлекеттік қызметтер көрсету. Азаматтар мен заңды тұлғаларға консультациялық көмек көрсету. Қала әкімі аппараты қызметкерлерінің құқықтық білімін арттыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, қала әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын бақылау.
Білімі бөлігіндегі талап:
бизнес, басқару және құқық саласы (Құқықтану)саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағымдану тәртібі
Кандидаттар конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне не сот тәртібімен шағымдана алады.