«Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдарының және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі

«Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдарының және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі

 

Жалпы ережелер

 

  1. «Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдарының және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдарының және тұрғын үй инспекциясы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдарының және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, басқа нормативтік құқықтық актілерді және осы Ережені басшылыққа алады.
  3. «Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдарының және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық түрдегі  заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауымен мөрі мен бұрыштамасы, белгіленген үлгідегі бланкісі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органында шоттары бар.
  4. «Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдарының және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
  5. «Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдарының және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекет атынан, егер ол осыған заңнамаға сәйкес өкілді болса азаматтық-құқықтық қатынас жағынан  сөз сөйлеу құқығына ие.
  6. «Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдарының және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыры шегінде сұрақтар бойынша, белгіленген заңнама тәртібімен «Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдарының және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрығымен ресімделетін шешімдер және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа актілерді қабылдайды.
  7. «Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдарының және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат кестесінің лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  8. «Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдарының және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, индекс 020400, Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі,9.
             9. Мемлекеттік мекеменің толық атауы - «Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдарының және тұрғын үй инспекциясы бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік мекемесі.
  9. Осы Ереже «Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдарының және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттары болып табылады.
  10. «Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдарының және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергіліті бюджеттен жүзеге асырылады.
  11. «Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдарының және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдарының және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары  болып табылатын міндеттерді орындау барысында шарттық қатынас жасауға тыйым салынады.

Егер «Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдарының және тұрғын үй инспекциясы бөлімі»  мемлекеттік мекемесіне заңнама актілерімен  кіріс қызметін әкелетін құқық берілсе, онда осындай қызметтен  алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жолданады.

 

 

  1. Мемлекеттік мекенің миссиясы, негізгі міндеттері,

функциялары, құқығы мен міндеттері

 

  1. «Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдарының және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы аудан аумағындағы тұрғын үй қатынастары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
  2. Міндеттері:

1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының саласында мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету;  

2) коммуналдық қызмет көрсету саласында тұрақты жұмысты қамтамасыз ету;

      

  1. Бақылау функциялары:

1) тұрғын үй қорын сақтау және тиімді пайдалану бойынша шаралар ұйымдастыру;

2) тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда)  жылу-, энергия-, газ- және су ресурстарын жалпы есептеу құралдарының болуы;

3) айқындалған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шешімдер мен ұйғарымдарды орындау;

4) ауданның көше-жол жүйесінің автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

5) сумен жабдықтау жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

6) жолаушылар көлігі мен такси маршруттарында жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;

7) Бірыңғай бюджеттік сыныптамамен бекітілген бюджеттік бағдарламалар бойынша мемлекеттік сатып алу ұйымдастыру және жүргізу;

8) шұғыл шараларға жергілікті атқару органының резерві есебінен шаралар жүргізу;

9) тексеріс жүргізу арқылы тұрғын үй қорын саласын мемлекеттік бақылау.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан және өзге ұйымдардан құжаттар сұрауға алуға;

2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқару органдарының қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;

3) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеріс жүргізуге;

4) тексеріс жүргізу кезінде тексерілетін объектінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі жасамауға;

5) тексеріс жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету;

6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлігін күту тәртібін бұзу туралы акті құруға;

 7) белгіленген нысанда кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстау ережесін бұзушылық туралы ұйғарымды орындау үшін міндеттемелер шығару;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де өкілеттікті жүзеге асыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

  1. «Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдарының және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшылығы «Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдарының және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттер мен өз функцияларын жүзеге асырудың орындалуына  арнайы жауапты басшымен жүзеге асырылады.
  2. «Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдарының және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Атбасар ауданының әкімімен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
  3. «Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдарының және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

1) «Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдарының және тұрғын үй инспекциясы  бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің лауазымдық тұлғаларының функционалдық міндеттері мен өкілеттігін белгілейді; 

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдарының және тұрғын үй инспекциясы  бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

3) «Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдарының және тұрғын үй инспекциясы  бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің жұмыс регламентін бекітеді;

 4) белгіленген заңнама тәртібімен «Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдарының және тұрғын үй инспекциясы  бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза тартқызады

 5) «Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдарының және тұрғын үй инспекциясы  бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің бұйрықтарына қол қояды;

6) «Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдарының және тұрғын үй инспекциясы  бөлімі»  мемлекеттік мекемесін барлық мемлекеттік мекемелерде және өзге ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ұсынады;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар қолданады  және сол үшін дербес жауапкершілікке ие;

8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.

 

 

 

  1. Мемлекеттік мекеменің мүлкі

 

  1. «Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдарының және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.

«Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдарының және тұрғын үй инспекциясы  бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдарының және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк аудандық коммуналдық меншiкке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдарының және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

 

 

  1. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату
  2. «Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдарының және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 
Дата публикации
28 августа 2020