«Атбасар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі

  1. 1. Жалпы ережелері

 

  1. «Атбасар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жер қатынастары саласында бақаруын іске асырады, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Атбасар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Президенті актілерімен, өзгеде нормативтік құқықтық актілерімен, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. «Атбасар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық үлгіде заңды тұлға болып табылады, өзінің атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен бұрыштамасы, белгіленеген үлгідегі бланкесі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қазыналық органдарда есеп-шоты бар.
  4. «Атбасар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық - құқықтық қатынастарға кіріседі.
  5. «Атбасар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі егерде заңнамаға сәйкес уәкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық жағынан кірісуге құқылы.
  6. «Атбасар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы  бұйрықтарымен рәсімделетін өз құзырына қойылған сұрақтар бойынша белгіленген заңнамалық тәртіпте және басқада Қазақстан Республикасы заңнамаларымен қарастырылған актілермен шешімін қабылдайды.
  7. «Атбасар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің штаттық саны мен құрылымы іс-әрекеттегі заңамаға сәйкес бекітіледі.
  8. Заңды тұлғаның мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, индекс 020400, Уәлиханов көшесі 9-үй.
  9. Мемлекеттік органның толық атауы: «Атбасар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
  10. Осы Ережесі «Атбасар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшы құжаты болып табылады.
  11. «Атбасар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметінің қаржыландыруы жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  12. «Атбасар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемеге, өз міндеттерін орындау барысында кәсіпкерлік субъектілермен келісімдік қатынастарға кірісуге тыйым салынады, «Атбасар жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын.

     Егер «Атбасар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекеме заңнама актілерінде табыс әкелетін қызмет атқаруға құқық берілген болса, онда мұндай қызметтен түскен табыс мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

     

 

  1. Мемлекеттік органның функциялары, негізгі міндеттері мен құқықтары.

 

  1. Миссиясы:

Ауданның экономикалық  дамуына қабілетті,  жер ресурстарын рационалды және тиімді пайдалану үшін жағдай құру.

  1. Міндеттер:

       Жер қатынастарын реттеу саласында мемлекеттік мекеменің негізгі міндеттері:

     1) жер ресурстарын басқару саласында, жер қатынастарын реттеу бір ынғай мемлекеттік саясатты жүргізу.

     2) жер заңнамасын орындау,  өз құзіретінің шеңберінде қабылданған, аудандық өкілетті және орындаушы органдардың шешімі.

     3) жерге орналастыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру, жер ресурстарын басқару бойынша жұмыстарын іске асыру және ұйымдастыру.

     4) жер мониторингі мен мемлекеттік жер кадастрын жүргізуін ұйымдастыру.

     5) жер қатынастары саласында мемлекеттің мүддесін қорғау.

 

  1. Функциялар:
  2.  Мемлекеттік  мекеме жоғарыда көрсетілген міндеттерді орындау үшін  жер қатынастары саласында келесі   функцияларды іске асырады:

        1) иесіз жер учаскелерін есепке алу;                                                                                                          2) аудандық жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;                                                                                                           3) жер қойнауы мақсаты үшін жер учаскелерін беру бойынша ауданның атқарушы органының және олардың мелекеттік геологиялық недрлерін зерттеу және іздеуіне байланысты,  өзгерту ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

        4)мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;                                                                                                                                   5)жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;                                                          6)мемлекетпен жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;                                                                                                                                                             7) жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекітуі және жерге орналастыруын жүргізуді ұйымдастыру;                                                                                     8)жерді аймақтарға бөлу жобаларын және аудандардың  жерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру;                                                                                                                                                 9)елді мекендер аумағының жер-шаруашылық жобаларын орналастыруын әзірлеуді ұйымдастыру;                                                                                                                                                10)жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;                                   11)жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты қалалық, аудандық бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың сараптамасын жүргізу;                                                 12)ауданданның жер балансын жасау; 

       13) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;                                                                      14) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;                           

        15) жер учаскесін сатып алу-сату және жалдау шарттарын жасау және уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттарын және жасалған шарттарын жағыдайын орындалуының іске асыруын  бақылау;                                                                                                                     16) осы Кодекстің 71-бабына сәйкес ауданның жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;                                                                                                           17) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрінен екінші түріне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау.
       18) жерледі резервте сақтау бойынша ұсыныстар дайындау.

      19) мемлекеттік қызметтер көрсету.

 
       16.Құқық пен міндеттер:

       «Атбасар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік  мекеменің  негізгі міндеттерімен функцияларын орындау үшін Қазақстан Республикасы Жер кодексіне, Жер қатынастарын реттеу саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және басқа да Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілеріне сәйке құқықтары орнатылады.

 

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру.

 

  1. «Атбасар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемені басшылық ететін бастық,  «Атбасар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемеге жүктелген  міндеттерді және функцияларды іске асыру үшін әрекет бойынша дербес жауап орнатумен жеке міндет жүргізеді.
  2. «Атбасар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы аудан әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
  3. «Атбасар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекеменің бастығының өкілеттігі:

         1) мемлекеттік мекеменің бастығы мемлекеттік органның  жұмысын ұйымдастырады әрі оған басшылық жасайды және мемлекеттік органға жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыру үшін жеке жауап береді.

         2) мемлекеттік мекемесі жұмысшыларының міндеттері мен өкілеттілігін белгілейді.

         3) заңдарға (жекелеген жағдайларда және жоғары тұрған мемлекеттік органмен бекітілетін,  бөлек жағдайда лауазымдық  номенклатурасына) сәйкес мемлекеттік мекеменің жұмысшыларын қызметке тағайындайды, және қызметтен босатады.

        4) мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне  заңнама тәртібімен орнатылған тәртіптік жаза береді.

       5) мемлекеттік мекеменің актілеріне қол қояды.

       6) Басқа ұйымдарда, мемлекеттік органдарда мемлекеттік мекемені  көрсетеді.

       7) заңнамаларға сәйкес  өзгеде өкілеттіктерді іске асырады.

       8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша ол үшін жеке жауап орнатумен жеке міндет жүргізеді».

      «Атбасар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекеменің бастығы болмаған кезде оның өклеттігі іс әрекеттегі заңмамаға сәйкес ауыстыратын тұлғамен орындалады.

      

  1. Мемлекеттік мекеменің мүлігін құруы мен қызметін

қаржыландырудың тәртібі.

 

  1.      «Атбасар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген жағыдайда,  жекелеген мүліктің тікелей иелігіне алуға құқығы бар.

      «Атбасар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мүлігі оған мемлекеттен берілген мүліктін есебінен

қалыптасады, Қазақстан Республикасы заңнамасымен тыйм салынбайтын, сондай-ақ (ақшалай  табысты қосқанда) өз қызметінде және өзге негіздерден сатып алынған,  

  1. «Атбасар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітіліп берілген, мүлік коммуналдық меншігіне жатады.
  2.   «Атбасар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекеме өз қаржысына сатып алған, қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген, оған  бекітіліп берілген өздігіне иесізденуге немесе өзге тәсілімен иеленуге құқығы жоқ, егер өзгеде заңнама актісімен бекітілмеген болса.

 

  1. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруы және таратуы.

 

  1. «Атбасар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

Дата публикации
27 августа 2020