Мемлекеттiк қызметшiнiң өкiлеттiгi белгiленген тәртiппен жүктелген лауазымды тұлғалар Этикалық кодекс талаптарының орындалуын қамтамасыз етедi.
Мемлекеттiк қызметшiлер:
Қазақстан халқының бiрлiгi мен елдегi ұлтаралық келiсiмдi нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттiк және басқа тiлдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлерiне құрметпен қарауға;
адал, әдiл, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептiлiк нормаларын сақтауға, азаматтармен және әрiптестерiмен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептiлiк танытуға;
өздерi қабылдайтын шешiмдердiң заңдылығы мен әдiлдiгiн қамтамасыз етуге;
жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қозғайтын шешiмдердi қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге;
мемлекет мүддесiне нұқсан келтiретiн, мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеу тиiмдiлiгiне кедергi жасайтын немесе тиiмдiлiгiн төмендететiн iс-әрекеттерге қарсы тұруға;
қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен бiлiктiлiгiн арттыруға, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға;
өзiнiң iс-әрекетiмен және мiнез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшiн қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшiлiктердi жою мен өзiнiң қызметiн жақсарту үшiн пайдалануға;
жеке сипаттағы мәселелердi шешу кезiнде мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, мемлекеттiк қызметшiлер мен өзге де адамдардың қызметiне ықпал ету үшiн өзiнiң қызметтiк жағдайын пайдаланбауға;
шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтердi таратпауға;
мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге, өзiне сенiп тапсырылған мемлекеттiк меншiктi, автокөлiк құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиiмдi және тек қызметтiк мақсатта ғана пайдалануға;
қызметтiк тәртiптi бұлжытпай сақтауға, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиiмдi пайдалануға;
мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдауға, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң тұтынушысы ретiнде толығымен халықтың сұранысына бағдар ұстануға;
заңда тәртiптiк, әкiмшiлiк не қылмыстық жауаптылық көзделген терiс қылықтар мен өзге де құқық бұзушылықтарды жасауға жол бермеуге(басшылардың өзiнiң қарамағындағы адамдары үшiн отставкаға беруге жауаптылығы).
iскерлiк әдептi және ресми мiнез-құлық қағидаларын сақтауға тиiс.
ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi бекiткен мемлекеттiк қызметшiлердiң киiм нысанына қойылатын негiзгi талаптар бойынша ұсынымдарға сәйкес мемлекеттiк қызметшiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде сыртқы түрi мемлекеттiк аппараттың беделiн нығайтуға ықпал етуi, ресми, ұстамдылық және ұқыптылықпен ерекшеленетiн жалпы қабылданған iскерлiк стилге сәйкес келуi тиiс.
iскерлiк стилдi ұстау (минимализм, ерекшеленбеуге, үйлесiмдi көрiнуге, қатаңдық, ұстамдылық және консерватизм).
артық жарқын түстер, шамадан тыс таңбалар болмайды. Бiр уақытта үш негiзгi түстен артық пайдалану ұсынылмайды. мемлекеттiк қызметшi-әйелдерге мөлдiр блузкалар, терең декольте, Шағын юбка, дененi тартатын шалбар кию және табиғи макияж ұсынылмайды.
Мемлекеттiк қызметшiлер қызметтiк жағдайларын және онымен байланысты мүмкiндiктердi қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделерiне, оның iшiнде өзiнiң оларға көзқарасын насихаттау үшiн пайдаланбауға тиiс.
Мемлекеттiк қызметшiлер, оның iшiнде басшы лауазымдарды атқаратындар, ұжымда өз дiни көзқарасын ашық көрсете алмайды, бағынысты қызметшiлердi қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметiне қатысуға мәжбүрлей алмайды.
Мемлекеттiк қызметшiлер қызметтен тыс уақытта:
жалпы қабылданған моральдық-әдептiлiк нормаларын ұстануға, қоғамға жат мiнез-құлық, оның iшiнде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершiлiкке нұқсан келтiретiн масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге;
қарапайым болуға, тиiстi көрсетiлетiн қызметтердi алу кезiнде өзiнiң лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға;
өз тарапынан қоғамдағы адамгершiлiкке, тәртiпке және қауiпсiздiкке қол сұғушылыққа әкелетiн заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттердi жасауға тартуға жол бермеуге тиiс.
Мемлекеттiк қызметшiлер мемлекеттiк қызметтiң беделiне нұқсан келтiрмей, пiкiрсайысты сыпайы нысанда жүргiзуге тиiс.
Мемлекеттiк қызметшiлер мемлекеттiк саясат және қызметi мәселелерi жөнiндегi өз пiкiрiн, егер ол:
мемлекет саясатының негiзгi бағыттарына сәйкес келмесе;
жариялауға рұқсат етiлмеген қызметтiк ақпаратты ашатын болса;
мемлекеттiң лауазымды адамдарының, мемлекеттiк басқару органдарының, басқа да мемлекеттiк қызметшiлердiң атына әдепке жат сөздер айтудан тұрса, көпшiлiк алдында бiлдiруiне болмайды.
Мемлекеттiк қызметшiлердiң этикасын күшейту мақсатында ауысу тәртiбiмен, сондай-ақ мемлекеттiк қызметшiнiң қызметтiк этика нормаларын бұзғаны үшiн алынбаған тәртiптiк жазасы болған жағдайда iшкi конкурс қорытындысы бойынша лауазымға орналасуға шектеу енгiзiлдi.
Мемлекеттiк қызметшiге сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiн жасаған деп көпшiлiк алдында негiзсiз айып тағылған жағдайда, ол осындай айыптау анықталған күннен бастап бiр ай мерзiмде оны терiске шығару жөнiнде шаралар қолдануға тиiс.
Қазақстан халқының бiрлiгi мен елдегi ұлтаралық келiсiмдi нығайтуға ықпал ету, мемлекеттiк тiлге және басқа тiлдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлерiне құрметпен қарау;
адал, әдiл, қарапайым болу, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтау, азаматтармен және әрiптестерiмен қарым-
өзiнiң iс-әрекеттерiмен және мiнез-құлқымен қоғам тарапынан сынға себепкер болмауға, сынағаны үшiн қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшiлiктердi жою мен өз қызметiн жақсарту үшiн пайдалануға;
жеке сипаттағы мәселелердi шешу кезiнде мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, мемлекеттiк қызметшiлер мен өзге де адамдардың қызметiне ықпал ету үшiн қызметтiк жағдайын пайдаланбау;
шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтердi таратпау;
мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз ету, өзiне сенiп тапсырылған мемлекеттiк меншiктi, автокөлiк құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиiмдi және тек қызметтiк мақсатта пайдалану;
қызметтiк тәртiптi мүлтiксiз сақтау, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал, әдiл және сапалы орындау, жұмыс уақытын тиiмдi және тиiмдi пайдалану;