«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялау

Атбасар ауданы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы мәліметтер

 

Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеу: 2024 жылғы 13 ақпан

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 2024 жыл 15 ақпан

сұхбат:  2024 жылғы 19 ақпан

Анықтама телефоны: 87164324791

E-3 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 243 700 теңге

Блок-В, грейд-3

 (Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазымның атауы:

«Атбасар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы, (уақытша, негізгі қызметкердің баласы 3 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңіне, 2026 жылғы 28 қыркүйегіне дейін, осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар) «Е-3» санаты, 1 бірлік.

 

Функционалдық міндеттері:

Бөлімнің қызметін жалпы басқару және ұйымдастыру. Бөлімнің құзыретіне жататын жоғары тұрған органдардың құжаттарының, аудан әкімінің, аудан әкімі аппараты басшысының шешімдерінің, өкімдері мен тапсырмаларының уақтылы орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Аудан әкімінің қатысуымен іс-шараларды дайындауды және өткізуді ұйымдастырушылық қамтамасыз ету. Бақыланатын құжаттар мен тапсырмалардың орындалуы туралы басшылықты хабардар ету, тапсырмалардың орындалу сапасына мониторинг жүргізу.  

Келіп түскен хат-хабарларды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.ауданның әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелері бойынша материалдарды дайындау және ұсыну. Сайлау туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, референдумдар, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, жергілікті өкілді билік органдары, Атбасар қаласы, ауылдар мен ауылдық округтер әкімдері сайлауын дайындауға және өткізуге қатысу. 

Облыс әкімі мен аудан әкімінің тапсырмаларының орындалуына бақылауды жүзеге асыру. Тапсырмаларды орындау сапасына мониторинг жүргізу. Аудан әкімі аппаратының жұмысын жоспарлау бойынша ақпарат жинау және талдау. Аудан әкімі аппаратының жарты жылдық, ай сайынғы, апталық жұмыс жоспарларын, аудан әкімінің апталық жоспарларын қалыптастыру. Аудан әкімі аппаратының және аудан әкімінің жарты жылдық, ай сайынғы, апталық жұмыс жоспарларының орындалуы туралы ақпарат дайындау.   Аудан әкімінің қатысуымен кеңестер өткізуді ұйымдастыруға қатысу.

Жоғары тұрған органдар өкілдерінің жұмыс сапарлары бойынша материалдар дайындау.

 

Білімі бөлігіндегі талап:

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім, педагогикалық ғылымдар  немесе өнер және гуманитарлық ғылым немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат немесе бизнес, басқару және құқық немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар немесе ветеринария немесе денсаулық сақтау немесе қызмет көрсету немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласында

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

      1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

 

Шағымдану тәртібі:

Кандидаттар конкурс қорытындыларына және /немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шағымдана алады.

 

Дата публикации
05 февраля 2024