Атбасар ауданы әкімінің аппараты
Конкурс туралы мәліметтер
Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеу: 2024 жылғы 13 ақпан
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 2024 жыл 15 ақпан
Эссе жазу 2024 жыл 19 ақпан
сұхбат: 2024 жылғы 21 ақпан
Анықтама телефоны: 87164324791
E-R-1 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 380 392 теңге
Блок-А, грейд-7.
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазымның атауы:
«Атбасар ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, «Е-R-1» санаты, 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері:
Бөлімге жалпы басшылық ету. Ауданның тұрғын үй-коммуналдық саласы кәсіпорындары қызметтерінің жұмысын үйлестіру. Тұрғын үй қорын маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру. ҚР заңдары мен Үкімет қаулыларының тұрғын үй саясатын, коммуналдық шаруашылықтың стратегиялық және ағымдағы проблемаларын іске асыру, желілік коммуникациялардың, жылу, газ және сумен жабдықтаудың тұрақты жүйесін құру мәселелері бойынша жұмысты үйлестіру. Электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру, газбен жабдықтау, телекоммуникация объектілерінің жұмысын бақылау.
Автомобиль жолдарын күтіп-ұстауға және күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізуге, оларды жайластыруға бақылау жасау. Халықты орталықтандырылмаған ауызсу және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде заңды және жеке тұлғалар пайдаланатын су объектілерінің тіркелуіне бақылауды жүзеге асыру.
Тұрғын үй қорын күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу қағидаларын сақтау жөніндегі қызметті ұйымдастыру және бақылау, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне техникалық зерттеп-қарауды ұйымдастыру.
Мемлекеттік сатып алу (бірыңғай ұйымдастырушы) саласындағы және бөлімде Мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі заңнаманың сақталуына бақылауды жүзеге асыру.
Оған ҚР заңнамасымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Білімі бөлігіндегі талап:
инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (көлік, көліктік техника және технологиялар немесе жылу энергетикасы немесе электр энергетикасы немесе технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша) немесе құрылыс немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру немесе инженерлік жүйелер және желілер) немесе қызмет көрсету (қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі немесе көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру) саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.
Шағымдану тәртібі:
Кандидаттар конкурс қорытындыларына және /немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шағымдана алады.