«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс

«Атбасар ауданы әкімінің аппараты» ММ (индекс 020400, Атбасар ауданы, Атбасар  қ., Уәлиханов көш. 9, анықтама үшін телефон –8 (716-43)2-47-91, электронды мекенжай: atbasar_sup@aqmola.gov.kz (электрондық хатты Мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы жолданңанда файлдардың  максималды жіберілетін көлемі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru. gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет)) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

«Атбасар ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, «Е-R-1» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 354 069 теңгеден 406 714  теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Бөлімге жалпы басшылық ету. Ауданның тұрғын үй-коммуналдық саласы кәсіпорындары қызметтерінің жұмысын үйлестіру. Тұрғын үй қорын маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру. ҚР заңдары мен Үкімет қаулыларының тұрғын үй саясатын, коммуналдық шаруашылықтың стратегиялық және ағымдағы проблемаларын іске асыру, желілік коммуникациялардың, жылу, газ және сумен жабдықтаудың тұрақты жүйесін құру мәселелері бойынша жұмысты үйлестіру. Электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру, газбен жабдықтау, телекоммуникация объектілерінің жұмысын бақылау.

Автомобиль жолдарын күтіп-ұстауға және күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізуге, оларды жайластыруға бақылау жасау. Халықты орталықтандырылмаған ауызсу және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде заңды және жеке тұлғалар пайдаланатын су объектілерінің тіркелуіне бақылауды жүзеге асыру.

Тұрғын үй қорын күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу қағидаларын сақтау жөніндегі қызметті ұйымдастыру және бақылау, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне техникалық зерттеп-қарауды ұйымдастыру.

Мемлекеттік сатып алу (бірыңғай ұйымдастырушы) саласындағы және бөлімде Мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі заңнаманың сақталуына бақылауды жүзеге асыру.

Оған ҚР заңнамасымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Блок-А, грейд-7.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (көлік, көліктік техника және технологиялар немесе жылу энергетикасы немесе электр энергетикасы немесе технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша) немесе құрылыс немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру немесе инженерлік жүйелер және желілер) немесе қызмет көрсету (қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі немесе көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру) саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

Дата публикации
24 января 2024