«Атбасар ауданы әкімінің аппараты» ММ (индекс 020400, Атбасар ауданы, Атбасар қ., Уәлиханов көш. 9, анықтама үшін телефон –8 (716-43)2-47-91, электронды мекенжай: atbasar_sup@aqmola.gov.kz (электрондық хатты Мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы жолданңанда файлдардың максималды жіберілетін көлемі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru. gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет)) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:
«Атбасар ауданы Мариновка ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы, «Е-G-3» санаты, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 195 549 теңгеден 224 624 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Құжаттардың уақтылы және дұрыс ресімделуіне және жасалатын операциялардың заңдылығына алдын ала бақылауды жүзеге асыру. Барлық жүзеге асырылатын шаруашылық операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетуді жүзеге асыру. Тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларымен бекітілген сомалар шегінде міндеттемелердің қабылдануына бақылауды жүзеге асыру. Белгіленген тәртіппен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес қаражаттың дұрыс, тиімді және мақсатты жұмсалуын бақылауды жүзеге асыру. Мемлекеттік қызметшілерге және техникалық персоналға жалақы мерзімінде есептеу және төлеу. Белгіленген мерзімде қаржылық, статистикалық және салықтық есептілікті жасау және ұсыну. Мемлекеттік мекеме басшысымен қаржыландыру жоспарларын және оларға есеп айырысуларды жасау және келісу. Стратегиялық жоспарды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларын әзірлеу.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін, оның ішінде электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы жүзеге асыру. Кейіннен мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыра отырып, тиісті қаржы жылына арналған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу, бекіту және нақтылау. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы 1-МЗ есебін, шағын кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы есепті, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезіндегі қазақстандық қамту көлемі туралы есепті қалыптастыру.
Блок-В, грейд-3
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: бизнес, басқару және құқық (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы) саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Келесі құзыреттіліктердің болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;