2024 жылғы 10 қаңтардағы № 2/3 Ақмола облыстық сайлау комиссиясының қаулысы

2024 жылы тағайындалатын аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауда республикалық бюджет қаражатының есебінен жабылатын аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттардың шығыстары мөлшерін белгілеу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының
33-бабының 1-1, 2-1-тармақтарына сәйкес Ақмола облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Республикалық бюджеттен өтелетін аудандық маңызы бар қала,
    ауыл, кент, ауылдық округ әкімдеріне кандидаттардың шығыстарының мөлшері 1-3 қосымшаларға сәйкес белгіленсін

Кандидаттар сайлау алдындағы бағдарламаларымен шығу үшін оларға мемлекет бөлген қаражат шеңберінде баспа және/немесе желілік басылымдардағы, теле-, радиоарналардағы жарияланымдар көлемін өздері қайта бөледі.

  1. Осы қаулы қалалық және аудандық аумақтық сайлау комиссияларына жолдансын.
  2. Осы қаулы облыстық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында жариялансын.

       

Төраға                                                                                                 М. Сәдуов 

Хатшы                                                                                             А.Куштаева

        

                                  

 

2024 жылғы 10 қаңтардағы

№ 2/3 Қаулыға

1-қосымша

Сайлаушылар саны 2000 адамға дейінгі аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін республикалық бюджет қаражаты есебінен жабылатын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың шығыстарының мөлшері

 

1) мерзімді баспа басылымдарында немесе желілік басылымдарда
0,1 баспа парағынан аспайтын екі мақала жариялау - 40 000 (қырық мың) теңге сомасында;

2) бағдарламамен, теледидарда шығу (тікелей эфирде немесе жазбада)
15 минут - 50 000 (елу мың) теңге сомасында;

3) бағдарламамен, радио арқылы шығу 10 минут - 10 000 (он мың) теңге сомасында;

4) үгіт материалдарын шығару - 60 000 (алпыс мың) теңге сомасында;

5) үй-жайларды жалға алу - 10 000 (он мың) теңге сомасында;

6) көлік шығыстары (елді мекендердің санына және олардың округ орталығынан қашықтығына қарай) - 30 000 (отыз мың) теңге сомасында.

               

 

 

2024 жылғы 10 қаңтардағы

№ 2/3 Қаулыға

2-қосымша 

Сайлаушылар саны 2001-ден 5000 адамға дейінгі аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін республикалық бюджет қаражаты есебінен жабылатын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың шығыстарының мөлшері

 

1) кезеңдік баспа басылымдарында немесе желілік басылымдарда 0,1 баспа парағынан аспайтын екі мақала жариялау - 40 000 (қырық мың) теңге сомасында;

2) бағдарламамен теледидарда шығу (тікелей эфирде немесе жазбада) 15 минут - 40 000 (қырық мың) теңге сомасында;

3) бағдарламамен, радио арқылы шығу 10 минут - 10 000 (он мың) теңге сомасында;

4) үгіт материалдарын шығару - 70 000 (жетпіс мың) теңге сомасында;

5) үй-жайларды жалға алу - 10 000 (он мың) теңге сомасында;

6) көлік шығыстары (елді мекендердің санына және олардың округ орталығынан қашықтығына қарай) - 50 000 (елу мың) теңге сомасында.

 

 

 

 2024 жылғы 10 қаңтардағы

№ 2/3 Қаулыға

3-қосымша

 Сайлаушылар саны 5000 адамнан астам аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін республикалық бюджет қаражатынан жабылатын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың шығыстарының мөлшерлері

 

1) кезеңдік баспа басылымдарында немесе желілік басылымдарда 0,1 баспа парағынан аспайтын екі мақала жариялау - 50 000 (қырық мың) теңге сомасында;

2) бағдарламамен теледидарда шығу (тікелей эфирде немесе жазбада)
15 минут - 50 000 (қырық мың) теңге сомасында;

3) бағдарламамен, радио арқылы шығу 10 минут - 10 000 (он мың) теңге сомасында;

4) үгіт материалдарын шығару - 100 000 (алпыс мың) теңге сомасында;

5) үй-жайларды жалға алу - 10 000 (он мың) теңге сомасында;

6) көлік шығыстары (елді мекендердің санына және олардың округ орталығынан қашықтығына қарай) - 80 000 (елу мың) теңге сомасында.

 

Дата публикации
15 января 2024