Хабарлама

ҚР Жер кодексінің 43-1-бабының 2-1-тармағына сәйкес шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қойылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге байланысты аудандардың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының бірлескен шешімдерімен айқындалады.

Бүгінгі таңда Шортанды ауданында конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің бекітілген ең жоғары мөлшері жоқ.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты Ақмола облысы Шортанды ауданының әкімдігі 2023 жылғы 05 қазандағы №37 «Вестник Шортанды» аудандық газетінде жарияланған шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс өткізу туралы, сондай-ақ Шортанды ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында жойылатынын хабарлайды.

Өтінім берген жеке және заңды тұлғалар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурстың күшін жою туралы хабардар етілді.

Дата публикации
19 декабря 2023