Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамы туралы

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 17-бабының 1-тармағына, «2023 жылы аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру жөніндегі ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 8 қарашадағы №98/798 қаулысына сәйкес әкімнің мәліметтері негізінде Атбасар ауданының сайлау учаскелері және сайлаушылар саны туралы 2023 жылғы 1 қазандағы жағдайы бойынша Атбасар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         1.Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Атбасар ауданының учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамы бекітілсін.

  1. Атбасар ауданының мәслихатына комиссия құрамын қалыптастыру үшін Атбасар ауданының сайлау комиссиялары туралы мәліметтер және Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына ұсыну үшін Ақмола облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
  2. Атбасар аудандық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 19 желтоқсандағы «Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын айқындау туралы» н/ж қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  3. 4. Осы қаулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

Төраға                                                                               Т.Боранбаев

 

Хатшы                                                                               С.Шарипова

Дата публикации
09 ноября 2023