2019 жылғы 12 қарашаға белгіленген Атбасар ауданының Бастау, Сергеевка, Мариновка ауылдық округтерінің әкімдерін, шығып кеткеннің орнына, сайлауын дайындау мен өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

2019 жылғы 12 қарашаға белгіленген Атбасар ауданының Бастау, Сергеевка, Мариновка ауылдық округтерінің әкімдерін, шығып кеткеннің орнына, сайлауын дайындау мен өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Атбасар аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының 2019 жылғы 2 қазандағы
№ 10/13 қаулысымен бекiтiлген

2019 жылғы 12 қарашаға белгiленген Атбасар ауданының Бастау,
Сергеевка, Мариновка ауылдық округтерiнiң әкiмдерiн, шығып
кеткеннiң орнына, сайлауын дайындау мен өткiзу бойынша негiзгi
iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспары

1. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сәйкес әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң халқының назарына сайлау күнi туралы хабарды жеткiзу.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

( 36-1б. 3 т.)

2. Жергiлiктi қауымдастықпен кеңескеннен кейiн балама негiзiнде сәйкес әкiмдi ұсыну және сәйкес әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында әкiмге үмiткер ретiнде тiркелу келiсiмi туралы өтiнiштi аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну жолымен әкiмдердi сайлауға шығару.

Аудан әкiмi.

Сайлау күнiне 30 күн бұрын басталып-2019 жылғы 12 қазанда және сайлау күнiне дейiн 25 күн iшiнде аяқталады — 2019 жылғы 17 қазанда.

(36-1 б. 3т., 36 б.1т.)

3. Сайлаушылар тiзiмiн құру және оларды дауыс беру пунктiнде орналастыру.

Сәйкес мәслихат хатшысының ұсынысы бойынша аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлауға 7 күн қалғанда –2019 жылғы 5 қараша.

(36-1б. 10 т.)

4. Қазақстан Республикасы Конституциясының 33б. 3 т. әкiмге үмiткердiң және оған қойылатын талаптарға сәйкестiгiн анықтау және сәйкес хаттаманы құрастыру.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

Үш күн iшiнде.

(36 б. 1т., 36-1б. 3т.)

5. Тұрғылықты жерi бойынша салық органдарына 2019 жылғы 1 қазанға кiрiстер мен мүлiк туралы декларация тапсыру.

Үмiткер және оның жолдасы.

Үмiткердi тiркеуге дейiн.

(36-1б. 3 т.)

6. Үмiткердi тiркеу және сәйкес куәлiктi тапсыру.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

Қажеттi құжаттың барлығын алғаннан кейiн басталады және сайлау
күнiне дейiн 15 күн қалғанда тоқтатылады- 2019 жылғы 27 қазан.

(36-1 б.4т.2тт. 5 т. 6т. )

7. Үмiткерлердi тiркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдары немесе басқа да жолдармен жеткiзу.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

Үмiткердi тiркегеннен кейiн 7 күннен кешiктiрмей.

(36-1 б. 5 т. 1 тт.)

8. Үмiткерлер мен олардың жолдастарының кiрiстер мен мүлкi туралы декларациясының дұрстығын тексеру.

Салық қызметiнiң органдары.

Үмiткер мен оның жолдасының декларациясын алғаннан кейiн 7 күн iшiнде.

(36-1б. 3т.)

9. Үмiткерлердiң сенiмдi тұлғаларын тiркеу мен сәйкес куәлiктердi тапсыру.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

Үмiткерлер үшiн сенiмдi тұлғалар тiзiмiн берген сәтiнен бастап.

(36-1б. 2т. 2тт., 7т. 2тт.)

10. Үмiткерлерге келiсiмдi негiзде сайлаушылармен кездесу үшiн жайларды ұсыну және оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Жергiлiктi атқарушы органдар және жергiлiктi өзiн өзi басқару органдары.

Сәйкес аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау алды үгiтiн жүргiзу кезенiнде.

(36-1 б. 2т. 1,7 тт.)

11. Сайлау алды үгiтiн жүргiзу туралы.

Әкiмдерге үмiткерлер, олардың сенiмдi тұлғалары.

Үмiткерлердi тiркеу аяқталғаннан кейiн 28 қазанда басталады және сайлау күнi алдында
бiр күн бұрын жергiлiктi уақытымен 00 сағатта аяқталады- 2019 жылғы 11 қараша.

(36-1б 3т)

12. Аумақтық сайлау комиссияларында сайлау қорларын тiркеу.

Әкiмдерге үмiткерлер, олардың сенiмдi тұлғалары.

Сәйкес аумақтық сайлау комиссияларына үмiткердiң келу сәтiнен бастап бiр күнтiзбелiк күн iшiнде
(Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2010 жылғы 19.08. № 7/8 қаулысы).

(36-1 б. 2т. 1,7 тт.)

13. Сайлау қорларының уақытша арнайы есептерiнiң ашылуы.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

Үмiткердi тiркегеннен кейiн.

(36-1б. 2№ 1,7 тт.)

14. Сайлау үшiн пунктi ашу және сәйкес хаттаманы құрастыру.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау алдында 1 сағат бұрын.

(36б. 10т.)

15. Әкiм сайлауын жүргiзу. Дауыстарды санау және әкiмдi сайлау бойынша дауыс беру нәтижелерiн жариялау, әкiмдi сайлау нәтижелерi туралы хаттаманы құрастыру.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

2019 жылғы 12 қараша бiр күнi iшiнде.

(36-1б. 10т.)

16. Сайланған әкiмдi тiркеу. Жоғары тұрған әкiмге және сәйкес мәслихатқа шешiмдi ұсыну.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлауды өткiзу күнiнен кейiн бес күн iшiнде- 2019 жылғы 19 қарашадан кешiкпей.

(36-1б. 11т.)

17. Үмiткердiң сайлау қорындағы қаражаттар туралы есептi аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну.

Әкiмге үмiткерлер.

Сайлау қорытындыларын белгiлегеннен кейiн 5 күннен
кешiктiрмей- 2019 жылғы 17 қарашадан кешiктiрмей.

(36-1б. 9т.)

18. Сайлау қорытындылары мен сайланған әкiмдi тiркеу туралы хабарламаны жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

(36-1 б. 11т. 2т. 1,7 тт. )

Дата публикации
04 августа 2020