№ 10/13 2019 жылғы 2 қазан
Ақмола облысы Атбасар ауданының Бастау, Сергеевка, Мариновка ауылдық округтер әкiмдерiнiң сайлауын тағайындау туралы, шығып кеткеннiң орнына
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-1 бабына 10 т., 2 т. 4) тт. сәйкес Атбасар аумақтық аудандық сайлау комиссиясы
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Атбасар ауданының Бастау, Сергеевка, Мариновка ауылдық округтерiнiң әкiмдерiн сайлауы, шығып кеткеннiң орнына 2019 жылғы 12 қарашасына тағайындалсын.
2. Атбасар ауданының Бастау, Сергеевка, Мариновка ауылдық округтер әкiмдерiнiң, шығып кеткеннiң орнына, сайлауын дайындау мен өткiзу бойынша негiзгi iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспары бекiтiлсiн.
3. Осы қаулы Атбасар ауданы әкiмiнiң аппараты мен облыстық сайлау комиссиясына жолдансын.
4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Комиссия төрағасы Т. Боранбаев
Комиссия хатшысы В. Штефан