Атбасар аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының
2019 жылғы 17 шiлдедегi № 9/12
қаулысымен бекiтiлген
Атбасар ауданы Сепе ауылы әкiмiнiң кеткеннiң орнына,
сайлауын дайындау және өткiзу жөнiндегi негiзгi iс-шаралардың Күнтiзбелiк жоспары
1.Тиiстiәкiмшiлiк — аумақтық бiрлiк тұрғындарының назарына жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау күнi туралы хабарды жеткiзу.
Аумақтық сайлау комиссиясы.
(36-1 бап 3 т.)
2.Әкiмдiкке кандидаттарды балама негiзде аумақтық сайлау комиссиясына тиiстi әкiмнiң ұсынымы мен кандидаттардың тиiстi әкiмшiлiк аумақтық бiрлiктiң аумағында әкiмдiкке кандидаттар ретiнде дауысқа түсуге келiсетiнi туралы өтiнiштердi беруi арқылы ұсыну.
Аудан (қала)әкiмi.
Сайлау күнiнен 30 күн бұрын — 2019 жылғы
27 шiлдеде басталады және сайлау күнiне
25 күн қалғанда — 2019 жылғы 1тамызда аяқталады.
(36 бап, 1 т., 36-1 бап 3 т.)
3.Таңдаушылардың тiзiмдерiн жасау және оларды дауыс беруге арналған пунктте iлу.
Тиiстi мәслихат хатшысының ұсынуы бойынша аумақтық сайлау комиссиясы.
(36-1 бап 10 т.)
4.Әкiмдiкке кандидаттың оған қойылатын талаптарға сәйкестiгiн анықтау, тиiстi хаттама жасау.
Аумақтық сайлау комиссиясы.
(36 бап, 1 т., 36-1 бап 3 т.)
Дауыс беру күнiне 7 күн қалғанда — 2019 жылғы 10 маусымда.
5. Тұрғылықты жерi бойынша салық органдарына 2019 жылғы 1 шiлде күнiне табысы мен мүлкi туралы декларация тапсыру.
Кандидат және оның зайыбы (жұбайы).
Кандидат тiркелгенге дейiн.
(36-1 бап. 3 т.)
6.Кандидаттарды тiркеу және тиiстi куәлiк тапсыру.
Аумақтық сайлау комиссиясы.
Барлық қажеттi құжаттар алынғаннан кейiн басталады және дауыс беретiн күнге 15 күн қалғанда — 2019 жылғы 1 тамызда аяқталады.
(36-1 бап 6 т., 5 т., 2 тмш., 4 т.)
7.Жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге тәсiлмен кандидаттардың тiркелгенi туралы хабарлау.
Аумақтық сайлау комиссиясы
Кандидаттар тiркелгеннен кейiн 7-шi күннен кешiктiрмей.
(36-1бап, 5 т., 1 тмш.)
8.Кандидат және оның зайыбы (жұбайы) жариялаған табысы және мүлкi туралы мәлiметтердiң дұрыстығын тексеру.
Салық қызметi органдары.
Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларацияны тапсырған күннен бастап 7 күннiң iшiнде.
(36-1 бап 3 т.)
9.Кандидаттардың сенiм бiлдiрiлген адамдарын тiркеу және оларға тиiстi куәлiктер беру.
Аумақтық сайлау комиссиясы
Сенiм бiлдiрiлген адамдардың тiзiмдерiн тiркеу үшiн берген сәттен бастап.
(36-1 бап 2 т., 2 тмш., 7 т., 2 тмш.)
10.Кандидаттарға таңдаушылармен кездесулер үшiн шарт негiзiнде үй — жайлар беру.
Кандидаттардың бөлiнген үй — жайда таңдаушылармен кездесу кестесiн жасау және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
Жергiлiктi атқарушы органдар жергiлiктi өзiн — өзi басқару органдары.
Тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары.
Сайлау алдындағы үгiттi жүргiзу кезеңiнде.
(36-1 бап 2 т., 1), 7 тмш.)
11.Сайлау алдындағы үгiттi жүргiзу.
Әкiмдiкке кандидаттар, олардың сенiм бiлдiрiлген адамдары.
Кандидаттарды тiркеу аяқталған күннен- 2019 жылғы 12 тамызда басталады және сайлау күнiнiң алдындағы күнi — 2019 жылғы 26 тамызда жергiлiктi уақыт бойынша 00 сағатта аяқталады.
(36-1 бап 7 т.)
12.Аумақтық сайлау комиссияларында сайлау қорларын тiркеу.
Әкiмдiкке кандидаттар, олардың сенiм бiлдiрiлген адамдары.
Кандидаттың тиiстi аумақтық сайлау комиссияларына
өтiнiш жасаған сәтiнен бастап бiр күнтiзбелiк күннiң iшiнде.
(«Сайлау қорларын мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2010 жылғы 19 тамыздағы №7/8 қаулысы
(36-1 бап 2 т., 1), 7) тмш.)
13.Сайлау қорларының арнайы уақытша шоттарын ашу.
Аумақтықсайлаукомиссиясы.
Кандидат тiркелгеннен кейiн.
(36-1 бап 2 т., 1), 7) тмш.)
14.Дауыс беруге арналған пункттi ашу, тиiстi хаттама жасау.
Аумақтық сайлау комиссиясы
Дауыс берудiң басталуына 1 сағат қалғанда.
(36-1 бап 10 т.)
15.Әкiмнiң сайлауын өткiзу. Әкiмдi сайлау бойынша дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерiн жария ету, әкiмдi сайлау нәтижелерi туралы хаттама жасау.
Аумақтық сайлау комиссиясы.
Бiр күннiң iшiнде — 2019 жылғы 27 тамызда.
(36-1 бап 10 т.)
16.Сайланған әкiмдi тiркеу. Шешiмдi жоғары тұрған әкiмге және тиiстi мәслихатқа ұсыну.
Аумақтық сайлау комиссиясы.
Сайлау өткiзiлген күннен бастап бес күндiк мерзiмде-2019 жылғы 1 қыркүйектен кешiктiрмей.
(36-1 бап 11 т.)
17.Кандидаттың сайлау қоры қаражатын пайдаланғаны туралы аумақтық сайлау комиссиясына есеп беру.
Әкiмдiкке кандидаттар.
Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейiн 5 күннен кешiктiрмей -2019 жылғы 1қыркүйектен кешiктiрмей.
(36-1 бап 9 т.)
18.Жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау қорытындылары және сайлаған әкiмдi тiркеу туралы хабар жариялау.
Аумақтық сайлау комиссиясы.
(36-1 бап 11 т. 2 т. 1), 7) тмш.)