Атбасар аудандық сайлау
комиссиясының 2019 жылғы
6 мамырдағы шешiмiмен
бекiтiлдi
2019 жылғы 17 маусымға тағайындалған
Атбасар ауданы шығып қалған Новосельское ауылы әкiмiнiң
орнына сайлауды әзiрлеу мен өткiзу жөнiндегi негiзгi iс-шаралардың Күнтiзбелiк
жоспары
1.Тиiстiәкiмшiлiк — аумақтық бiрлiк тұрғындарының назарына жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау күнi туралы хабарды жеткiзу.
Аумақтықсайлаукомиссиясы.
(36-1 бап. т.3)
2.Бұқаралық ақпарат құралдарында тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының құрамын жариялау.
Аумақтық сайлау комиссиясы.
Сайлау тағайындалғаннан кейiн 10 күнкешiктiрмей.
(13бап. т.4)
3.Әкiмдiкке кандидаттарды балама негiзде аумақтық сайлау комиссиясына тиiстi әкiмнiң ұсынымы мен кандидаттардың тиiстi әкiмшiлiк аумақтық бiрлiктiң аумағында әкiмдiкке кандидаттар ретiнде дауысқа түсуге келiсетiнi туралы өтiнiштердi беруi арқылы ұсыну.
Аудан әкiмi.
Сайлау күнiнен 30 күн бұрын — 2019 жылғы
17 мамырда басталады және сайлау күнiне
25 күн қалғанда — 2019 жылғы 21 мамырда аяқталады.
4.Таңдаушылардың тiзiмдерiн жасау және оларды дауыс беруге арналған пунктте iлу.
Аумақтық сайлау комиссиясы тиiстi мәслихат хатшысының ұсынуы бойынша.
Дауыс беру күнiне 7 күн қалғанда — 2019 жылғы 10 маусымда.
5. Әкiмдiкке кандидаттың Қазақстан Республикасы Конституциясының 33 — бабы 3 — тармағында қойылатын талаптарға сәйкестiгiн анықтау, тиiстi хаттама жасау.
Аумақтық сайлау комиссиясы.
Үш күннiң iшiнде.
6.Тұрғылықты жерi бойынша салық органдарына 2019 жылғы 1 мамыр күнiне табысы мен мүлкiтуралы декларация тапсыру.
Кандидат және оның зайыбы (жұбайы).
Кандидат тiркелгенге дейiн.
(36-1 бап. т.3)
7.Кандидаттарды тiркеу және тиiстi куәлiк тапсыру.
Аумақтық сайлау комиссиясы
Барлық қажеттi құжаттар алынғаннан кейiн басталады
және дауыс беретiн күнге 15 күн қалғанда — 2019 жылғы
1 маусымда аяқталады.
(36-1 бап. т.6)
8.Жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге тәсiлмен кандидаттардың тiркелгенi туралы хабарлау.
Аумақтық сайлау комиссиясы
Кандидаттар тiркелгеннен кейiн 7-шi күннен кешiктiрмей.
9.Кандидат және оның зайыбы (жұбайы) жариялаған табысы және мүлкi туралы мәлiметтердiң дұрыстығын тексеру.
Салық қызметi органдары.
Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларацияны
тапсырған күннен бастап 7 күннiң iшiнде.
(36-1 бап. т.3)
10.Кандидаттардың сенiм бiлдiрiлген адамдарын тiркеу және оларға тиiстi куәлiктер беру.
Аумақтық сайлаукомиссиясы
Сенiм бiлдiрiлген адамдардың тiзiмдерiн тiркеу үшiн берген сәттен бастап.
(36-1 бап. т.7)
11.Кандидаттарға таңдаушылармен кездесулер үшiн шарт негiзiнде үй — жайлар беру.
Кандидаттардың бөлiнген үй — жайда таңдаушылармен кездесу кестесiн жасау және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
Жергiлiктi атқарушы органдар жергiлiктi өзiн — өзi басқару органдары.
Тиiстi аумақтық сайлаукомиссиялары.
Сайлау алдындағы үгiттi жүргiзу кезеңiнде.
12.Сайлау алдындағы үгiттi жүргiзу.
Әкiмдiкке кандидаттар, олардың сенiм бiлдiрiлген адамдары.
Кандидаттарды тiркеу аяқталған күннен басталады және
сайлау күнiнiң алдындағы күнi — 2019 жылғы 16 маусымда
— жергiлiктi уақыт бойынша 24 сағатта аяқталады.
13.Аумақтық сайлау комиссияларында сайлау қорларын тiркеу.
Әкiмдiкке кандидаттар, олардың сенiм бiлдiрiлген дамдары.
Кандидаттың тиiстi аумақтық сайлау комиссияларына
өтiнiш жасаған сәтiнен бастап бiр күнтiзбелiк күннiң iшiнде.
(36-1 бап. т.9)
14.Сайлау қорларының арнайы уақытша шоттарын ашу.
Аумақтықсайлаукомиссиясы.
Кандидат тiркелгеннен кейiн.
(36-1 бап. т.9)
15.Дауыс беруге арналған пункттi ашу, тиiстi хаттама жасау.
Аумақтық сайлау комиссиясы
Дауыс берудiң басталуына 1 сағат қалғанда.
(36-1 бап. т.10)
16.Әкiмнiң сайлауын өткiзу. Әкiмдi сайлау жөнiндегi дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерiн жария ету, әкiмдi сайлау нәтижелерi туралы хаттама жасау.
Аумақтықсайлаукомиссиясы.
Бiркүннiңiшiнде — 2019 жылғы 17 маусымда.
(36-1 бап. т.10)
17.Сайланған әкiмдiтiркеу. Шешiмдiжоғары тұрған әкiмге және тиiстi мәслихатқа ұсыну.
Аумақтық сайлаукомиссиясы.
Сайлау өткiзiлген күннен бастап бес күндiк
мерзiмде -2019 жылғы 22 маусымнан кешiктiрмей.
(36-1 бап. т.11)
18.Кандидаттың сайлау қоры қаражатын пайдаланғаны туралы аумақтық сайлау комиссиясына есеп беруi.
Әкiмдiкке кандидаттар.
Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейiн бес күннен кешiктiрмей
-2019 жылғы 22 маусымнан кешiктiрмей.
(36-1 бап. т.9)
19.Жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау қорытындылары және сайлаған әкiмдi тiркеу туралы хабар жариялау.
Аумақтық сайлау комиссиясы.
Сайлау өткiзiлген күннен бастап 7 күннен кешiктiрмей
- 2019 жылғы 21 маусымнанкешiктiрмей.
(36-1 бап. т.11)
Ескертпе: Күнтiзбелiк жоспардың мәтiнiнде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының нормаларына сiлтемелер жасалды.
Атбасар аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы: Боранбаев Т.