Атбасар аудандық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
№ 8/5 2019 жылғы 6 мамыр
Ақмола облысының ауылдар, ауылдық округ әкiмдерiнiң сайлауын тағайындау туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы ” Қазақстан Республикасы Заңының 36-1 бабына сәйкес Атбасар аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Атбасар ауданының Новосельское ауылы әкiмiнiң сайлауы 2019 жылғы 17 маусымға тағайындалсын.
2.Әкiмдiкке кандидаттарды ұсыну 2019 жылғы 17 мамырда басталады және 2019 жылдың 21 мамырында аяқталады.
Әкiмдiкке кандидаттарды тiркеу барлық қажеттi құжаттарды алғаннан кейiн басталады және 2019 жылғы 1 маусымда аяқталады.
Комиссия төрағасы Т. Боранбаев
Комиссия хатшысы В. Штефан
Хабарландыру
2019 жылғы 17 мамырда сағат 11.00-де Новосельское а. әкімі аппаратының ғимаратында, Атбасар ауданының әкімі А. А. Қалжанов Атбасар ауданы Новосельское ауылының әкімі лауазымына кандидаттарды келісу жөнінде Новосельское ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысымен кеңес өткізетін болады.
Атбасар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы:
Орналасқан жері: Атбасар қ., Ағыбай батыр к. 26, тел: 8 (71643) 5-32-05.
Комиссия төрағасы – Боранбаев Төлентай Рахымжанұлы; комиссия төрағасының орынбасары – Бывшев Николай Владимирович; комиссия хатшысы – Штефан Валентина Анатольевна; комиссия мүшелері: Әлібеков Бауыржан Қожақұлы, Ілиясова Анар Әлкешқызы, Кизкенова Ғазиза Әнуарбекқызы, Панченко Ольга Егоровна.