Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң кезектен тыс сайлауы 2019 жылдың 9 маусымына тағайындалсын.

2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президенттiк сайлауды ұйымдастыру мен өткiзудi қамтамасыз етсiн.

3. Қазақстан Республикасының Үкiметi кезектен тыс президенттiк сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнiндегi қажеттi шараларды қабылдасын.

4. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларының әкiмдерi сайлау құқығы бар азаматтардың тiзiмiн дер кезiнде жасауды және дұрыстығын қамтамасыз етсiн, Орталық, аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларына кезектен тыс президенттiк сайлауды ұйымдастыру мен өткiзу мәселелерiн шешуде жан-жақты көмек көрсетсiн.

5. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Президентi                                                                                Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 9 сәуiр

Дата публикации
04 августа 2020