"Атбасар ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ 2019 жылғы
атқарылған жұмыс туралы анықтамасы
Бөлім бюджеті 20 млн 963 мың 300 (001 бағдарлама – 4 млн 374 мың теңге 004 бағдарлама – 6 млн 777 мың теңге. 006 бағдарлама - 1 млн 396 мың теңге 007 бағдарлама-8 млн 416 мың теңге).
Ауданда 139 спорт ғимараты бар, оның ішінде 81 жазық ғимарат; 42 спорт залы, футбол алаңының жасанды жабыны бар стадион, 1 Жабық хоккей корты, жасанды жабыны бар 1 шағын футбол алаңы, жүзу бассейні бар 1 дене шынықтыру – сауықтыру кешені. Ауданда түрлі секцияларда 14779 адам спортпен шұғылданады,. Балалар спорт мектебінде 799 оқушы шұғылданады (грек-рим күресі, ауыр атлетика, жеңіл атлетика, футбол, бокс спорт түрлері бойынша). 9 ауылдық округте спорт бойынша әдіскерлер бар (Шұңқыркөл, Тельман, Ярославль, Есенгелді, Ақан Құрманова А/о, Полтава а/о, Бастау а / о, Сочи а / о, Новосельский а / о ), онда кешкі уақытта әр түрлі спорт секциялары бойынша жұмыс жүргізіледі, халық арасында (қазақ күресі, волейбол, баскетбол, жеңіл атлетика).
Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын халықты қамтуды ұлғайту үшін спорттық іс-шаралар өткізіледі. Ірі іс-шаралардың бірі-"Хрустальный колос" қысқы аудандық спартакиадасы (спорттың 6 түрі бойынша: президенттік көпсайыс, спорттық балық аулау, қарда шағын футбол, отбасылық старттар, шаңғы жарысы, шорт-трек). Сондай-ақ жыл сайын "Ақ бидай" жазғы аудандық спартакиадасы (спорттың 9 түрі бойынша: стритбол, волейбол, футбол, л/атлетика, президенттік көпсайыс, ү/теннис, шахмат, дойбы, отбасылық старттар), халықтық спорт түрлері бойынша "Құлагер" аудандық спартакиадасы (5 түрі бойынша: қазақ күресі, тоғыз құмалақ, гір спорты, армрестлинг, қала спорты.)
Кеңес Одағының Батыры Ақан Құрмановты еске алуға арналған грек-рим күресінен ашық турнирлер және Атбасар ауданы әкімінің жүлдесіне және Атбасар қаласының боксшыларын еске алуға жасөспірімдер арасында бокстан турнир өткізіледі.
"Хрустальный колос - 2019" қысқы облыстық спартакиадасында жалпы командалық есепте 3 жалпы командалық орынға ие болды.
"Ақ бидай - 2019" жазғы облыстық спартакиадасында жалпыкомандалық есепте 2 жалпыкомандалық орынға ие болды.
Мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы "Надежда" облыстық спартакиадасында (спорт түрлері бойынша чемпион – Тастеміров Қайрат, Дегтярев Давид, Андреев Анатолий, Федюкин Виктор, Самсонкина Валентина; күміс жүлдегерлер – Жүсіпов Мұрат, Чижиков Виталий, Тастеміров Қайрат; қола жүлдегер – Балекбаев Бағдат).
Атбасар спортының мақтанышы:
1) Азат Махметов – бокстан губернатор Кубогының күміс жүлдегері (Санкт-Петербург , 2018ж.).
2) Новак Татьяна – ауыр атлетикадан ҚР Чемпионатының күміс жүлдегері (Қостанай, 2018ж.).
3) Дегтярев Давид-паралимпиадалық пауэрлифтинг бойынша Әлем Кубогының күміс жүлдегері (Дубай, 2018ж.).
4) Тастеміров Қайрат - мүмкіндігі шектеулі тұлғалар арасында үстел теннисінен ҚР Чемпионатының күміс жүлдегері (Петропавл, 2018ж.).
5) Федюкин Виктор – атудан мүмкіндігі шектеулі адамдар арасындағы "Надежда" спартакиадасының чемпионы, Ақмола облысының құрама командасының мүшесі.
6) Жалғас Тайкенов – Параканоэ бойынша ұлттық құраманың мүшесі. 2017 жылғы Параканоэ есуден Азия чемпионы. 200 метр қашықтықта Параканоэде есуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
"Атбасар ауданының дене шынықтыру
және спорт бөлімі " ММ
басшысы Ә. Қапсатар