2020 жылғы қаңтар-ақпанда Атбасар ауданы әкімінің есеп беру кездесулерінде айтылған халықтың ұсыныстары мен ескертулерін жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындалу барысы туралы ақпарат (2020 жылғы 1-сәуірдегі жағдай бойынша)

2020 жылғы қаңтар-ақпанда Атбасар ауданы әкімінің есеп беру кездесулерінде айтылған халықтың ұсыныстары мен ескертулерін жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындалу барысы туралы ақпарат (2020 жылғы 1-сәуірдегі жағдай бойынша)
№ р/с Тапсырма Орындалу мерзімі Кімге тапсырылды Орындалуы туралы ақпарат
  Атбасар қаласының Автомобиль жолдарының көше-жол желісін орташа жөндеу 1 қараша 2020 жыл Б. Т. Қамбатыров-Атбасар ауданы әкімінің орынбасары,Асқаров М. С.-Атбасар қаласының әкімі 2019 жылы жалпы сомасы 1 млрд.478 млн. теңгеге ұзындығы 32,8 км 24 көше бойынша көше-жол желісін орташа жөндеуге сметалық құжаттама әзірленді. Конкурс қорытындысы бойынша, 10 лот (17 көше) бойынша жеңімпаз болып «Көкше АгроИнвест»ЖШС танылды, 2 лот бойынша (7 көше) қосымша конкурстық рәсімдер өткізіледі.2020 жылы Атбасар қаласының автомобиль жолдарының көше-жол желісін орташа жөндеуге бөлінген:1) облыстық бюджеттен - 7 көше бойынша 300 млн. теңге: Ш. Уәлиханов (орталық алаң), Островский, Қошанбаев, Ирченко, Қошқарбаев, Привокзальный бұрылысы, Майқұтов көшелері;2)аудандық бюджеттен 6 көше бойынша 275 млн.теңге бөлінді: О. Шмидт, Нұрсейтов , І. Есенберлин, Урицкий, Мұқышев , Ш. Уәлиханов.Қазіргі уақытта «КөкшеАгроИнвест» ЖШС-мен келісім-шарт жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде (жұмыстың басталуы а.ж. мамыр айы, аяқталуы қыркүйек айы)Сонымен қатар, Атбасар қаласының бюджетінен Перевалочная, Набережная, Казахстанская, А. Құрманов, Веденеев, Машинистер кенті (ТЖ паркінің жанында, шіркеуге кіреберіс), Л. Белаш және «Жастар» саябағының жанында, Әуезов, ЕЦ 166/4 ауданы, Ағыбай батыр, Қ. Әмірова, Өндіріс, Қанай би, Жеңіс көшелері бойынша көше-жол желісіне ағымдағы жөндеу жүргізу үшін 38,5 млн.теңге бөлінді. Конкурс қорытындысы бойынша «Искандерян» ЖК жеңімпаз болып танылды, 32 млн. 724,2 мың теңге сомасына шарт жасалды (жұмыстардың басталуы а. ж. мамыр айы, аяқталуы шілде айы)
  Атбасар қаласының тротуарларын орташа жөндеу 1 қараша 2020 жыл Б. Т. Қамбатыров-Атбасар ауданы әкімінің орынбасары,Асқаров М. С.-Атбасар қаласының әкімі 2020 жылы Атбасар қаласының тротуарларын орташа жөндеуге:1) облыстық бюджеттен - А. Құрманов, Әуезов, Ағыбай батыр, Сейфуллин, Л. Белаш көшелеріндегі тротуарларды жөндеуге 96 млн.теңге. Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаз «Көкше АгроИнвест» ЖШС –мен 81 млн.337 мың 417 теңге сомаға шарт жасалды. (жұмыстардың басталуы а. ж. сәуір айы, аяқталуы шілде айы)Қазіргі уақытта Қуанышев көшесіндегі тротуарды жөндеуге 13 млн.550 мың 424 теңге көлемінде конкурс жарияланды. Сонымен қатар, Озерная көшесі бойынша (№5 ОМ жанында) тротуарды орташа жөндеуге 4 млн.970 мың 237 теңге сомасына сметалық құжаттама бар.
  Сочинское ауылында сумен жабдықтау желілері бар су құбырын салуға ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өтумен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу. 1 қараша 2020 жыл Б. Т. Қамбатыров-Атбасар ауданы әкімінің орынбасары,Қаранағаев С. Т., «Атбасар ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы 05.01.2020 ж. бастап 28.02.2020 ж. дейін «Атбасар ауданы Сочинское ауылында су құбыры желілерінің құрылысы»жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша жұмыстарды жүргізуге конкурстық рәсімдер өткізілді.Конкурс жеңімпазы Павлодар қ. «ҚАЗАҚСТАНПРОЕКТ» қазақстандық жобалау-зерттеу институты» ЖШС –мен мемлекеттік сатып алу шартын жасау және тіркеу 2020 жылдың 1-ші онкүндігінде жоспарлануда.
  Атбасар қаласында хоккей кортын жабуға арналған жабық металл тенттік құрылыстың жиынтығын сатып алу және орнату 1 желтоқсан 2020 жыл А. Б. Бекбаев-Атбасар ауданы әкімінің орынбасары,Н. Г. Наймушина – «Атбасар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Хоккей кортын жабу үшін жабық металл тенттік ғимаратты сатып алуға және орнатуға арналған шығындардың алдын ала сомасы 93,0 млн.теңгені құрайды.Атбасар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 ақпандағы №6С 37/3 шешімімен аудандық бюджеттен 30,0 млн.теңге бөлінді.2020 жылдың 13 ақпанында 63,0 млн. теңгеге бюджеттік өтінім Ақмола облысының Білім басқармасына берілді.
  №№ 2,5,6,8 орта мектеп және №1 балабақша ғимаратының қасбеттерін ағымдағы жөндеу 1 қыркүйек 2020 жыл А. Б. Бекбаев-Атбасар ауданы әкімінің орынбасары,Н. Г. Наймушина – «Атбасар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Атбасар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 ақпандағы №6С 37/3 шешімімен № №2, 5, 6, 8 орта мектептер мен№1 балабақша ғимараттарының қасбеттеріне ағымдағы жөндеу жүргізу үшін аудандық бюджеттен 23,3 млн.теңге сомасында қаражат бөлінді.2020 жылғы 6 наурызда конкурстық рәсімдер басталды.
  Сергеевка орта мектебі ғимаратының шатырын ағымдағы жөндеу 1 қыркүйек 2020 жыл А. Б. Бекбаев-Атбасар ауданы әкімінің орынбасары,Н. Г. Наймушина – «Атбасар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысыКожахметов Қ. Қ.-Сергеевка ауылдық округінің әкімі Атбасар аудандық мәслихаты сессиясының 2020 жылғы 14 ақпандағы № 6С 37/3 шешімімен «Сергеевка ОМ»КММ шатырына ағымдағы жөндеу жүргізу үшін аудандық бюджеттен 13,5 млн.теңге сомасында қаражат бөлінді. 2020 жылғы 12 наурызда конкурстық рәсімдер басталды.
Дата публикации
03 августа 2020