Атбасар ауданы әкімінің ӨКІМІ

Атбасар ауданы әкімінің ӨКІМІ

Атбасар қ.                                                                                                                №16 07.02.2020 жыл

Атбасар ауданы әкiмiнiң 2020 жылғы қаңтар-ақпанда есеп беру барысында айтылған тұрғындардың ұсыныстары мен ескертулерiн iске асыру жөнiндегi Iс-шаралар жоспарын бекiту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Атбасар ауданы әкiмiнiң есеп беру кездесулерiн өткiзу қорытындылары туралы халықтың ақпараттануын арттыру, ескертулер мен ұсыныстарды iске асыру мақсатында, Атбасар ауданының әкiмi:

1.Атбасар ауданы әкiмiнiң 2020 жылғы қаңтар-ақпанда есеп беру

барысында айтылған тұрғындардың ұсыныстары мен ескертулерiн iске асыру жөнiндегi Iс-шаралар жоспары (бұдан әрi-Iс-шаралар жоспары) бекiтiлсiн.

2. Жоғарыда көрсетiлген Iс-шаралар жоспары аудандық «Простор Atbasar» газетiнде, Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсында жариялансын.

3. Атбасар ауданы әкiмiнiң орынбасарлары, Атбасар қаласының,

ауылдар мен ауылдық округтердiң әкiмдерi, дербес бөлiмдердiң басшылары Iс-шаралар жоспарын орындауды жүзеге асырсын.

4. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау аудан әкiмi аппаратының

басшысы Е. А. Виншуға жүктелсiн.

5. Осы өкiм қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi

Аудан әкiмi                                                                                                                           А.Қалжанов

Атбасар ауданы әкімінің
2020 жылғы 07 ақпандағы
№16 өкіміне
қосымша

Атбасар ауданы әкімінің 2020 жылғы қаңтар-ақпанда есеп беру барысында айтылған тұрғындардың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары

№ Айтылған ескертулер/ұсыныстар Орындау мерзімі және ескертулер / ұсыныстарды іске асыру бойынша іс-шаралар Жауапты Ескерту
1. Атбасар қаласының автомобиль жолдарының көше-жол желісін жөндеу қажет 2020 жылғы 1 қараша Атбасар қаласының автомобиль жолдарының көше-жол желісін орташа жөндеу Қамбатыров Б. Т. -Атбасар ауданы әкімінің орынбасары,Асқаров М. С.-Атбасар қаласының әкімі  
2. Атбасар қаласының тротуарларын жөндеу қажет. 2020 жылғы 1 қарашаАтбасар қаласының тротуарларын орташа жөндеу Қамбатыров Б. Т. -Атбасар ауданы әкімінің орынбасары,Асқаров М. С.-Атбасар қаласының әкімі  
3. Сочинское ауылында су құбырының құрылысы . 2020 жылғы 1 қараша Сочинское ауылында сумен жабдықтау желілері бар су құбырын салуға ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өтумен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу. Қамбатыров Б. Т. -Атбасар ауданы әкімінің орынбасары,Каранағаев С. К., «Атбасар ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы  
4. Хоккей кортының жөндеуі қажет 2020 жылғы 1 желтоқсан Атбасар қ. хоккей кортын қаптау үшін металлды құрылысының комплектісін сатып алу және орнату Бекбаев А.Б. –Атбасар ауданы әкімінің орынбасары,Наймушина Н.Г.- «Атбасар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.  
5. Атбасар қаласының орта мектептері мен бала бақша ғимараттарының фасадтарына жөндеу қажет. 2020 жылғы 1 қыркүйек № 2,5,6,8 орта мектептері мен № 1 бала бақша ғимараттары фасадтарының ағымды жөндеуі Бекбаев А.Б. –Атбасар ауданы әкімінің орынбасары,Наймушина Н.Г.- «Атбасар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.  
6. Сергеевка орта мектебі ғимаратының төбесіне жөндеу қажет 2020 жылғы 1 қыркүйек Сергеевка орта мектебі ғимаратының төбесіне ағымды жөндеу Бекбаев А.Б. –Атбасар ауданы әкімінің орынбасары,Наймушина Н.Г.- «Атбасар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.Қожахметов Қ.К.-Сергеевка ауылдық округінің әкімі  

                                                                                    

Дата публикации
03 августа 2020