2019 жыл бiздiң экономикамызды жақсы жаққа қадам басуға бiр қатар оқиғалар әкелдi.Өткен жылдың ең жарық оқиғаның бiрi Қазақстан Республикасының Президентiн сайлауы.
2019 жылдың 2 қыркүйегiнде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының халқына «Сындарлы қоғамдық диолог-Қазақстанның тұрақтылығымен өркендеуiнiң негiзi» жолдауын ұсынды. Мемлекет басшысы қорлықты жазалауын қатаңдату үшiн бiр қатар тапсырмалар бердi, зейнеткерлiк жүйесi , әскер, және де кiшi бизнестi табыстардың салығынан босату туралы айтты. Цитата: «Халықты құбылжытатын проблемаларды бiз жақсы бiлемiз. Жағдайды жақсарту үшiн iс-қимылдар жоспары даярланып жатыр».
Өзгерiстер тек қана елде емес өзiмiздiң округiмiздеде болып жатыр. Барлықтарыңыз бiлесiздер бiзде инвестор өзгерiлдi. Қазiргi уақытта ЖШС «Самарский 1» болып табылады. ЖШС директорының демеушiлiк көмегiнiң арқасында округтi дамыту бойынша көптеген жобалар даярланды. Оның көбi iске асырылды.
- бұл туралы толығырақ кейiн айтып берем, қазiрге өткен жылдың жұмысы туралы оқып беруге рұқсат етiңiздер. 2019 жылы ауылдық округi әкiмiнiң аппаратымен келесi жұмыстар өткiзiлдi: азаматтардың ұсынымы — 36, мемлекеттiк қызметтер: бiлiм беру жүйесiнде 2, қызмет алған тұлғалардың саны — 25, жер учаскесiне құқық беру бойынша — 5, жер учаскесiнiң мақсатты пайдалануын өзгерту — 1, алдағы уақытта жерпайдалануға берiлген меншiктi жер учаскесiн сату бойынша мем.қызмет , бөлiп төлеуге -2, қызмет алған тұлғалардың саны 34 сондай ақ EGOV өз -өзiне қызмет көрсету бұрышы арқылы мемлекеттiк қызметтер 16 адамға көрсетiлдi. Әскери қызметке шақыру комиссиясын 16 ер бала өттi оның iшiнде ҚР ӘҚ қатарына 5 бала шақырылды. Жануарлар санағы өттi.
ЖӨБ есебi қаражатынан Жiбек жолы,Ы.Алтынсарин және Тауелсiздiк көшелерiне светодиодтық шамдар сатып алынап, орнатылды. Сондай ақ Ақан Құрманов ауылының АМҮ, ВА жөндеуге қаражат бөлiндi. Ақан Құрманов ауылының ОМ жанындағы спорттық алаңын жөндеуi және спорттық жарақтар ЖӨБ есебiндегi қаражаттан сатып алынды. Ауылдың ардагерлерi, көп балалы отбасылар және егде жастағы ауылдың тұрғындарынада әр түрлi көмек көрсетiлiп, назар аударылып тұрды . Әкiм аппаратымен 2020 жылға ауылды дамытуға кешендi жоспар құрылды.
Ауылды арғарай дамытудың басты мiндетi — тұрғындармен жұмыс болып табылады , халықтың өмiрiн жақсарту үшiн ауылдық округ аумағын көркейту. 2019 жылы жергiлiктi қоғамдастықпен 4 жиналыс өткiзiлдi, онда ауылдық округiнiң күрделi мәселелерi шешiлiп отырылды:
1. «Атбасар ауданының Ақан Құрманов ауылының орта мектебi»КММ төбесiн жөндеу.
2. Көшелердi жарықтандыру.
3.Ауылды көрiктендiру.
Ауыл шаруашылығы , егiн шаруашылығы
Ақан Құрманов округтiң ауыл шаруашылық өндiрiстегi негiзгi бағыт болып табылады. Ауылдық округiнiң аграрлық секторында 70 шаруашылық субъектiлер, оның iшiнде 6 ЖШС , 32 шаруа-фермер қожалығы,32 жеке кәсiпкерлiк бар. Агротехникалық мерзiмде егу және жинау компаниясы өткiзiлдi. Жаздық бидай, жем шөп, майлы дақылдарды егу — 36667 га құрды, оның iшiнде бидай 33006 га.
Ауыл округiнiң ауылшаруашылық құрылымдары егiстердiң химиялық шөптерден тазалауын өткiздi , 100% алаңын өңдедi. Субсидиялау арқылы, техникаға — « Қазақстан» ШҚ 4550000 теңге, гербецидке 5727000 теңге, тыңайтқыш 1250000, « Қазақстан» ШҚ техникаға 1700000, тыңайтқыш 1250000,гербицидтер 10028000 теңге мемлекеттiк көтермелеу берiлдi, дайындалған жем-шөп : « Қазақстан» ШҚ — 650 тонна, « Қазақстан-2030-М» ЖШС — 250 тонна, « Самарский-1» ЖШС 1187 тонна, кiшi қожалық шаруашылықтармен — 1053 тонна .
Ауыл шаруашылығы өндiрушiлерi тек қана егiн егу мен ғана емес мал шаруашылығымен айналысу керек екенiн түсiнедi. Жеке кәсiпкерлiктiң негiзгi түрi егiн шаруашылығы, мал шаруашылығы, бөлшектеп сату жолаушылар және жүк тасымалдауы,мал бағу қызметi, балық және аң аулау болып табылады.
10 жеке кәсiпкерлер және 10 шаруашылық қожалықтары белсендi малшарушылығымен айналысады.
2017-2019 жылдары «Бизнес Бостау» бағдарламасы шеңберiнде ауыл шаруашылығын дамытуға 14 адам несие алды.
«Жас проджик» бағдарламасы шеңберiнде жастар орталығы арқылы ,құс өсiрудi дамытуға 1 адам оқу оқып (1000 000 теңге) несие алды.
2019 жылы «Игiлiк» бағдарламасы шеңберiнде 4 адам оқу оқып ,мал шаруашылығын дамытуға 11 400 000 теңге несие алды.
Жаңа ашылған ЖК жетекшiлерi –19 бас жылқы , сонымен қатар жем- шөп сатып алды. Тұқымсыз мал шаруашылығымен айналысатын ең үлкен егiн шаруашылығымен айналысатын . 2019 жылы олар бордақылау бұқаларға 450 000 теңге және аналық басқа 1 950 000 тг субсидия алды. 2018 жылдан бастап «Қазақстан -2030- М» ЖШС мал шаруашылығын дамытуда. Оларға 610 000 тг. субсидия берiлдi. «Қазақстан» ҚШ 80 бас бұқаша жемдеуге қойды және 9.5 тонна ет 67 120 000 теңге сомасына өткiздi. «Қазақстан -2030- М» ЖШС 30 бас бұқа жемдеуге қойды , 5,2 тонна 123497469 т. сомасына ет өткiздi.
Ауылда «Атбасарское масло» ЖШС сұйық май шығарылатын май зауыты бар , өнiмдiлiгi тәулiгiне 6 тонна . Өндiрiсте 13 адам жұмыс iстейдi. 12 айда 146 тонна май 43 млн.теңге сомасына өндiрiлiп сатылды.
2019 жылдың 5 сәуiрде АМҮ ғимаратында ауыл тұрғындарымен мал бағу туралы «Әдiл-2015» СПК-мен жиын өткiзiлдi ,онда ауыл округiндегi үш IҚМ ауылда 1 табыннан құруын шешiм еттi. Мал бағу бойынша екi жақты келiсiмдер шығарылды . Мал бағу бойынша 3 бақташы жұмыс iстедi. Аналық бастарды бордақылау үшiн 15 тұқымдық бұқалар — Герефорд тұқымынант алынды . Тұқымдық бұқалар жеке меншiк секторындағы екi табынға бөлiндi. "Ауылдық тұтынушылық кооператив " Адiл -2015".К.М.оператор болып табылады. 2020 жылғы 1 қаңтарға ауылдық округ бойынша жеке секторда малдың саны: IҚМ — 848 бас, қой мен ешкi — 1500 бас , жылқылар — 508 бас , шошқалар — 268 бас , құс-5421 . ШҚ және ЖК : IҚМ — 542 бас , қойлар — 270 бас, жылқылар– 345 бас.
Ветеринарлық өңдеу ауылшаруашылық жануарларды сәйкестендiру уақытында орындалды. Жоспар 100 % орындалды. Ветеринарлық қызметпен қаңғыбас жануарлар ұсталынып атылды.
Бiлiм.
Ақан Құрманов ауылдық округiнiң аумағында Ақан Құрманов ауылының орта мектебi орналасқан.
2019 жылы 4 бала оқу бiтiрдi.Оның үшеуi әскери қызметке шақырылды, бiреуi колледжге түстi.
2019-2020 оқу жылдарына 168 оқушы оқиды. Екi автобус бар, Қаракөл мен Хрящевка ауылдарынан оқушыларды екi жақты тасымалдайды. ОМ 25 орындық шағын-орталық жұмыс iстейдi. Қосымша үш сағаттық топ құрылған, 15 бала барады.
Мұғалiмдiк құрам толық жинақталған. От жағу мерзiмiне жететiн көмiр сатып алынды.
«Самарский 1»ЖШС , «Қазақстан -2030- М» ЖШС негiзгi демеушiлер болып табылады.
Өткен жылы үлкен өзгерiстер болды.
2019 жылдың 1 жартыжылдығында Ақан Құрманов ауылының мектебiн ағымдағы жөндеуге ЖСҚ дайындалды : акт залын 6 225,293 тг. сомасына, инженерлiк жүйелер (5 211,920 тг), жылу беру жүйесi (7 496,242 тг) «Қазақстан -2030- М» ЖШС қаржысы есебiнен, ағымдағы мектептiң төбесiн жөндеу және терезелердi ауыстыруға 37 млн. теңге «Атбасар ауданының бiлiм бөлiмi » ММ қаражаты есебiнен.
Ақан Құрманов ауылының мектебiнде әзiрленген жобалар бойынша келесi жұмыстар өткiзiлдi : инженерлiк желiлердi жөндеу, канализация және сумен жабдықтау ;электр лампаларын светодиодтық лампаларына ауыстыру; жылу беру жүйесiн; төбенi ағымдағы жөндеу ; ескi терезелердi алып тастап, пластикалық терезелер орнату ; жылу беру трассасын жылыту .Облыстық және аудандық бюджеттен жөндеуге 29 миллион теңге бөлiндi. «Самарский 1» ЖШС қаражаты есебiнен акт залында 6 терезе жабылды және мектептегi ағымдағы жөндеулер жасалды.
Денсаулық сақтау.
Ақан Құрманов ауылдық округiнде медициналық қызмет көрсетудi дәрiгерлiк амбулаториясы жүзеге асырады, онда 4 медициналық қызметкер жұмыс iстейдi. Қосбармақ және Қаракөл ауылдарында мед. қызмеккер К.М.Киекбаева қызмет етедi.
Жылу беру мерзiмiне 29,800 тонна көмiр төгiлдi.
Дәрiгерлiк амбулатория жанында жедел жәрдем автомашинасы бар.
2019 жыл бойы медициналық қызметкерлермен барлық жоспарланған шаралар жүргiзiлдi:
-Флюротексеру — 100%
- балалар скринингi — 100%
- Ересек тұрғындардың скринингi -128 адам (100%),
14 адам қайтыс болды.
Балалардың және аналардың өлiмi тiркелген жоқ.
Мәдениет
Округте 3 мәдениет қызметкерi жұмыс iстейдi. 2019 жылы ауылдық округте барлық мемлекеттiк iс-шаралар өткiзiлдi . Наурыз және егде жастағы адамдардың мерекесi күнi мәдениет саласының қызметкерлерi концерттiк бағдарламалармен Қосбармақ ауылына барды.
Ақан Құрманов ауылдық округiнде спорт және дене шынықтырумен айналысу үшiн спорт залы бар онда ауыл жастары үшiн волейбол, баскетбол және теннис секциялары жұмыс iстейдi.Бiздiң спортшылар футбол, волейбол, жеңiл атлетика және басқа спорт түрлерi бойынша жарыстарға қатысты.
Көрiктендiру.
Ақан Құрманов ауылдық округiн көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалығы проблемалары бiр неше жылдан берi бар. Казiргi уақытта ауыл тұрғандары үйлерiнiң, жұмыс орындарының маңайындағы жағдайларына көбiрек назар аударатын болды. Көрiктендiру және санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды өткiзуге сөзсiз «Қазақстан -2030- М» ЖШС және «Самарский 1»ЖШС көмек берiп тұрады. Айлық өткiзу нәтижесi бойынша 25 сенбiлiк және 10 «Таза бейсенбi» өткiзiлдi және көше, алаңдар аумағын жинауға 841 адам қатысты, оқушылар белсендi қатысты. Шығарылған қоқыс 0,4765 м3 .ТҚҚ шығару бойынша 2 бригада құрылды 5 бiрлiк техникадан. 4 парк тазаланып, абаттандырылды, пирамидалық теректер отырғызылды . 28 шм ұзындығы жолды грейдерлендi. Жолдың жиегiндегi шөптер шабылды. Аншлагтар даярланды.
Қаржылық қызмет
Өздерiңiз бiлесiздер атқару органдардың жұмысының қаржыландыру жағы бюджетқа байланысты. Аудан бюджетiнен — 8881,8 т.т. бөлiндi. 2019 жылы барлық бюджеттiк қаражат 100 %. игерiлдi. 2019 жылы бойы жергiлiктi өзiн өзi басқарудың есебiне 2047,1 т.тг түстi, оның iшiнде : көшенi жарықтандыруға — 271,4 т.тг, столбтарды арендалау — 78,7 м.тг., құрылыстық материалдар 384,7 м.т , электртоварлар — 477,7 м.тг., металлдық трубалар — 114,5 м.тг,аншлагтар 349,2 м.тг ,автомашинаға шиналар 96,0 м.тг,перделер тiгу -459,6 тг,стенд -193,9т.тг, спорт.жарақтары 41,8 м. д.т 243.6 м.т.видео регистратор 35,0 м.тг. жиынтық -2756,6 м.тг
Халық
2020 жылғы 1 қаңтарға аулалар саны — 337 оның iшiнде Ақан Құрманов ауылы — 295, Қаракөл — 24, Қосбармақ а. — 18. А/о халқының саны 977 адам. Ақан Құрманов ауылы — 851адам, Қаракөл — 81, Қосбармақ а. — 45 адам. 11 отбасы жаңа форматтағы МЖА алады. Ағымдағы 4 тоқсанға МЖА алуға 45 отбасы ұсыныс бердi, оның 17 отбасына тағайындалды. Қыркүйек айынан 6 отбасына төлемдер отбасылық табыстары артық болғандықтан тоқтатылды. 45 адам өзектендiрiлдi.
Көлiк және байланыс
Ақан Құрманов ауылы мен Атбасар қаласының арасын автобуспен жолаушылар қатынасын жеке кәсiпкер — Безверхов И.И. жүзеге асырады.
Ауылдық округ ауғында АТС 204 нөмiрi қосылған, 164 жөмыс iстеп тұр,сондай-ақ қосымша 40 радиотелефон жұмыс iстейдi, Барлық елдi мекендерде мобильдiк байланыс жұмыс iстейдi.
Пошта байланысы дүйсенбiден жұмаға дейiн сағат 09:00 ден 14:00 дейiн жұмыс iстейдi. Пошта бөлiмшелерге аптасына 3 рет жеткiзiледi .
Сумен жабдықтау.
Ақан Құрманов ауылының халқын сумен орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесiнен жабдықтайды.46 аула колонкалар қолданады,67 үйге су жүргiзiлген. Суөлшегiштер 62, 181 аула трубалық құдықтар қолданады. Ақан Құрманов ауылының ұзындығы 6 шм 200 м. су құбырларының жүйесi ескергенiне байланысты қайта жөндеуге жатады.
Ауылдарыда ауыз суын тасымалдау ұйымдастырылған оларға суды «Самарский 1» ЖШС жүзеге асырады, су таситын бөшке авариялық жағдайда болғандықтан жаңа су таситын машина сатып алу керек болып тұр.
Құқықтық тәртiп.
Ақан Құрманов ауылдық округiнiң аумағында құқықтық тәртiптi жүзеге асыру бойынша қызметтi Атбасар АIIБ инспекторы Герман А.А. атқарады.
Жыл бойы ауылдық округ аумағында 5 ұрлық жасалды,оның үшеуi ашылды. Сонымен қатар 7 қылмыс жасалды.
79 әкiмшiлiк хаттамалар құрылды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн болдырмау мақсатында халықты әлеуметтiк қымет көрсету саласында ұжымдармен ақпараттық-түсiндiру жұмыстары өткiзiлiп тұрады.
Әкiм аппараты жастармен және ауыл тұрғындарымен радикалдық дiни идеялардан қорғау бойынша мемлекеттiк бағдарламалар шеңберiнде әлеуметтiк қолдау шараларын iске асыру үшiн ақпараттық-түсiндiру жұмыстары өткiзiлiп тұрады.
2019 жылғы атқарылған жұмыстың нәтижесi осындай.
2020 жылға мiндеттер туралы айтып өтейiк .
1. Атамекен, Бейбiтшiлiк көшелерiн жарықтандыру.
2.Ауыл iшiнiң жолдарын жөндеу . Ақан Құрманов а/о кiретiн жолдарға жөндеулер жасаудың ЖСҚ даярланды.
3.Ақан Құрманов ауылының орта мектебiн жөндеудi жалғастыру. ОМ акт залы.
4.Ауылдық мәдениет үйiне күрделi жөндеу жасауға ЖСҚ әзiрлеу .
5.Абаттандыру.
Өз сөзiмдi қорытындылай келе Сiздерге мықты денсаулық тiлеймiн.
Назарларыңызға рахмет!
Ақан Құрманов ауылдық округ әкiмi А.Бiләлова