Ярославка ауылдық округi аумағында бес елдi мекен орналасқан, орталығы Тимашевка а., тұрғындарының саны 639 адам, Магдалиновка а.-244 адам, Хрящевка а.-213 адам, Родионовка а. -93 адам, Калиновка а.-270 адам. Жалпы тұрғындарының саны-1459 адам. Округ аумағында 15 ұлт өкiлдерi тұрады.
Ауыл шаруашылығы.
Ауыл шаруашылығының басты бағыты-өсiмдiктану. Базалық кәсiпорындары: «Алтын дән» ЖШС — ауылшаруашылық алқаптары 15968 га және «Нұр 777» ЖШС -ауылшаруашылық алқаптары 6496 га.
Сонымен қатар ауылдық округ аумағында 4 ЖШС, 21 шаруа қожалығы орналасқан, ауылшаруашылық аландар 43167 га құрайды.
Қосалқы шаруада 95 га бар, олар картоп пен жемiстер өсiру үшiн пайдаланады.
Мал шаруашылығы.
Округ аумағында мал шаруашылығы дамуда. Жеке қосалқы шаруашылығында, ЖШС пен ШҚ 4146 IҚМ бар. Мал шаруашылығын жүргiзуде базалық шаруашылық «Алтын дән» ЖШС болып табылады. ЖШС ақ басты қазақ сиырларды асырайды. Барлығы шаруашылықта 3200 бас. Сонымен қатар «Алтын дән» ЖШС 950 бас жылқы, 500 бас қой асырайды.
Кәсiпкерлiк.
Округте сауда саттықпен айналысатын 7 сауда орны тiркелген, ТҚС-1, жылыту аппаратураларын жөндеу бойынша цех-1, малды бағу-15, жеке жолаушыларды тасымалдау -6.
2019 жылы атқарылған жұмыс туралы
Мемлекеттiк-жеке серiктестiк шеңберiнде «Алтын дән» ЖШС кулинария ғимаратының жөндеуiн аяқтауда, ол жерде демалу аймағы мен клуб ашылады, сонымен қатар тәулiгiне 1000 бөлке нан пiсiретiн наубайхана iске қосылды. 14 млн. 900 мың теңге қаражат жұмсалды.
Тимашевка ОМ қатты көмiрмен жағылатын жаңа қазандық сатылып алынды, түтiн трубасы ауыстырылып, қазандыққа ағымды жөндеу жасалды. Мектепке жұмсалған қаражат соммасы 5 млн.591 мың 320 теңге.
Мешiт жөндеуiне 1 млн. теңге жұмсалды.
Магдалиновка а. мектеп ғимаратына жөндеу жасалды, шығындар саны 2 млн.835 мың 820 теңге.
Хрящевка а. клуб пен кiтапхана ғимаратына күрделi жөндеу жасалды, жылу қазан салынып, ұзақ жанатын қазандық орнатылды, булы жылу беру қосылды, жұмсалған қаражат 5 млн.400 мың.теңгенi құрады.
Калиновка а. 12 үй жөнделiп, қалпына келтiрiлдi, осы ауыл тұрғындарының үйлерiне орталық жылу беру жүйесi мен суқұбыры тартылды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
2019 жылы «Нұр-777» ЖШС Тимашевка ОМ төбесiнiң бiр бөлiгiнiң жөндеуi атқарылды, шифердi профпарақтарға ауыстырылды, терезелерi пластикалық терезелерге ауыстырылды. Салымдар саны 20 млн.100 мың теңгенi құрады.
Көмек:
Сонымен қатар «Алтын дән» ЖШС мен «Нұр-777» ЖШС округтiң тұрғындарына белсендi көмектесуде. Қарттар күнiне қарсы ЖШС әр қайсысы 650 мың теңгеден бөлiп бердi. Қарттар күнiң мерекелеуге жалпы 1 млн. 300 мың теңге жұмсалды.
«Нұр-777» ЖШС басшысы Солдатовтар көпбалалы отбасына Магдалиновка а. пәтер сатып алды.
«Алтын дән» ЖШС Алексенко көпбалалы отбасына Калиновка а. абаттандырылған пәтер сатып алды.
«Алтын дән» ЖШС 8 наурыз мерекесi қарсанында барлық көпбалалы аналар мен жалғыс басты аналарға жалпы соммасы 550 мың теңгеге азық-түлiк пакеттерiн сыйға тартты. Екi отбасыға азық-түлiк пакеттерiмен қатар қысқа көмiр сатып әперiлдi.
2020-2021 жылдары:
2020-2021 жылдары мемлекеттiк-жеке серiктестiк шеңберiнде ЖШС-мен ауылдық округтiң әлеуметтiк-экономикалық дамуы бойынша жұмыс жүргiзу жоспарлануда.
«Нұр-777» ЖШС Тимашевка ОМ ғимараты фасадын толық жөндеу жоспарлануда, керектi қаражат соммасы 20 млн.теңге.
Тауар-сүт фермасының құрылысы мен 200 бас көлемiнде сүттi ұрғашы қара малдарды сатып алу. Шығындардың жоспарлы соммасы-220 млн.тенге. Сонымен қатар жаңа жұмыс орындары ашылмақ.
«Алтын дән» ЖШС тауар-сүт фермасының құрылысы мен 300 бас көлемiнде сүттi ұрғашы қара малдарды сатып алу. Шығындардың жоспарлы соммасы-500 млн.тенге. Сонымен қатар жаңа жұмыс орындары ашылмақ.
Шұжық, тұшпара мен ет өнiмдерiн өндеу бойынша цехтарды ашу. Шығындардың жоспарлы соммасы-40 млн.тенге. Жаңа жұмыс орындары.
Тимашевка а. «Ауыл-Ел бесiгi» жобасы шеңберiнде ауылiшiндегi пайдалынатын жолдардың асфальттiбетон қаптауымен күрделi жөндеуi жоспарлануда, керектi қаражаттар саны 78 млн. 348 мың теңге. Сметалық құжаттама әзiрленген.
Ярославка ауылдық округiнiң әкiмi С.Лямшев