Макеевка ауылдық округі әкімінің Ә.Қ.Тоқжұманованың «Атбасар ауданы Макеевка ауылдық округінің 2019 жылы әлеуметтік - экономикалық даму қорытындылары және 2020 жылға арналған міндеттері туралы» есебі

Макеевка ауылдық округі әкімінің Ә.Қ.Тоқжұманованың «Атбасар ауданы Макеевка ауылдық округінің 2019 жылы әлеуметтік - экономикалық даму қорытындылары және 2020 жылға арналған міндеттері туралы» есебі

2019 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан халқына "Сындарлы қоғамдық диалог  — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуiнiң негiзi" Жолдауын жолдады. Ол бiздiң мемлекетiмiздiң дамуының кезеңдi шетiне және стратегиялық маңызды құжатқа айналды. Қыркүйек айынан бастап қоғамның өмiрiне әсер ететiн үлкен өзгерiстер болды.

Мемлекет басшысының Стратегиясында елдiң одан әрi дамуына қатысты оның жеке көзқарасы белгiленген. Жолдауда проблемалық аймақтарды және елдiң одан әрi үдемелi қозғалысының стратегиялық бағыттарын қамтудың ауқымдылығы мен кешендiлiгiмен ұштасатын құрылымдылығы мен нақтылығы айқын көрсетiлген. Белгiленген жоспарды iске асыру үшiн Қазақстанның саяси, экономикалық және әлеуметтiк дамуының қазiргi кезеңдегi қоғамның шынайылығы көрiнiс табуы тиiс бiрқатар заңнамалық актiлердi қабылдау талап етiлетiнi сөзсiз. Жолдауда жалпы әлемдiк үрдiстер ескерiлген. Бұл үшiн Мемлекет басшысы алдымызға қойған мiндеттердi шешуге шоғырлану қажет.

2019 жылдың қорытындысы бойынша бiз келесi көрсеткiштерге қол жеткiздiк: халық саны-833 адам, тұрғын үй саны — 240. Бiздiң ауылдық округi көп ұлтты, ортақ бiр отбасымен 15 ұлт өмiр сүредi.

Ауыл шаруашылығы

Экономиканың тұрақты дамуының негiзгi бағыттарының бiрi агроөнеркәсiптiк кешен болып табылады.

Округ аумағында 2 ЖШС және 11 шаруа-фермер қожалығы жұмыс iстейдi. Негiзгi шаруашылық "Шуйское — XXI" ЖШС, жұмысшылардың саны -128 адам (тұрақты), 12 адам (маусымдық), орташа жалақысы -130 000 теңге. "Әлем 777" ЖШС, жұмысшылардың саны-8 адам, орташа еңбекақысы -110 000 теңге.

Аумағы барлығы 42682 (га), оның iшiнде елдi мекендердiң жерлерi 5 842 (га), ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер барлығы -35 004, оның iшiнде егiстiк — 31 147, жайылым — 3 857 (га).

"Шуйское — XXI" ЖШС бойынша мал шаруашылығы өнiмдерi: ет — 9,5 тонна, сүт — 1 624 тонна, қайта өңдеу өнiмдерi: нан-41 тонна. Инвестициялық салымдар барлығы-1 158 213 мың теңге.

Мал шаруашылығы.

Ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы iрi мал саны: "Шуйское — XXI" ЖШС IҚМ — 782 бас, жылқы — 457 бас, "Алем 777" ЖШС IҚМ — 21 бас, ШФҚ IҚМ — 256 бас тiркелген. Желтоқсан айында округте жеке секторда өткiзiлген санақ бойынша: IҚМ — 544 бас, қой мен ешкi-449 бас,жылқы-99 бас, құс-3467 дана.

"Шуйское — XXI" ЖШС шаруашылығында голштино-фриз тұқымының 178 сиыры бар.

Кәсiпкерлiк

«Тиiмдi шағын және орта бизнес — қала мен ауылды дамытудың берiк негiзi. Шағын, әсiресе, микробизнес елiмiздiң әлеуметтiк-экономикалық және саяси өмiрiнде маңызды рөл атқарады»- мемлекет басшысы Жолдауында атап өттi.

Ауылдық округ аумағында шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi жұмыс iстейдi: 4 азық түлiк дүкендерi, 1 диско-бар, 3 ЖК мал шаруашылығын дамыту бойынша, 1 ЖК жүк тасымалдау.

«Еңбек» нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017 — 2021 жылдарға» арналған мемлекеттiк бағдарламасы аясында екiншi бағыт бойынша екi адам сертификат алды: "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту, бiрiншi бағыт бойынша екi адам сертификат алды — бұл еңбек нарығында сұранысқа ие бiлiктiлiктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқыту.

Халықты әлеуметтiк қорғау

Билiктiң барлық құрылымдары жұмысының маңызды басымдығы Халықты әлеуметтiк қорғау болды және болып қала бередi.

Макеевка ауылдық округiнде 111 зейненткер. 2019 жылдың басынан ақылы қоғамдық жұмысқа қатысқандардың саны 2 адам. Тыл еңбеккерлерi, қарт адамдар мен мүгедектер назардан тыс қалмайды, оларға 9 мамыр мен Қарттар күнiне 1 404 мың теңге көлемiнде көмек көрсетiлдi. 2019 жылы мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек жетi отбасына тағайындалды. Жыл сайынғы "Мектепке барар жол" қайырымдылық акциясы аясында екi отбасына көмек көрсетiлдi, осы акцияны өткiзуге демеушiлер "Шуйское — XXI" ЖШС және "Алем 777" ЖШС болып табылады. "Шуйское — XXI" ЖШС басшылығының қолдауымен көп балалы және аз қамтылған отбасына тұрғын үй сатып алуға 5 млн.теңге көлемiнде сертификат берiлдi. 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнi мерекесiне орай мүмкiндiгi шектеулi әйелдер мен көп балалы аналарды естелiк сыйлықтарды тапсырумен атаулы құттықтау ұйымдастырылды, жалпы сомасына 90 000 теңгеге.

Жолдар және абаттандыру

Iс- шараның жоспарға сәйкес аббаттандыру және санитарлық тазалық бойынша халық арасында жиындар өткiзiлiп, таза бейсенбiлiктер, сенбiлiктер ұйымдастырылды. "Шуйское — ХХI" ЖШС, "Алем777" ЖШС механикаландырылған бригадаларымен өндiрiстiк нысандардан және жеке сектордан қи мен қоқыс шығарылды. Шаруа қожалықтары басшыларының және жергiлiктi тұрғындардың күшiмен Третьяковка ауылындағы зиратта сенбiлiк өткiзiлдi, қоқыстар тазартылып, шығарылды, дуал сырланды. "Шуйское-ХХI" ЖШС абаттандыру бойынша 7 адамнан тұратын бригада ұйымдастырылып, жұмыс iстеуде. Макеевка ауылының тұрғындарымен бiрнеше рет есеп беру кездесулерiнде Шуйское — Макеевка жолының жағдайы туралы мәселе көтерiлдi. Осы учаскенi жөндеу бойынша мәселе базалық шаруашылықты қолдаудың арқасында шешiлдi, 13 млн 563 мың теңге сомасына жөндеу жүргiзiлдi,су құбыры құрылыстары ауыстырылды. Орталық қазандыққа Шуйскi орта мектебi қосылды, жылу трассасын салу, жалпы сомасы 14 млн.154 мың теңгеге. Шуйское ауылына кiретiн жолдың асфальт жабыны, жалпы сомасы 130 млн.теңгеге. Жаз бойы шөп шабу жүргiзiледi. Ауыл iшiндегi жолдарды, Макеевка, Третьяковка ауылдарға жолдарды, ауылға кiру жолы қардан тазалау үшiн ауылдық әкiмдiк пен "Шуйское — XXI" ЖШС арасында меморандум жасалды. Қазақстан Республикасы халқының алдағы ұлттық санағына байланысты Атбасар ауданы әкiмiнiң тапсырмасы бойынша жаңа аншлагтарды орнату және ескiрген аншлагтарды ауыстыру бойынша 400 000 теңге сомасына аншлагтар (мекенжай тақтайшалары) сатып алынды, оларды орнату жалғасуда.

Бiлiм

Макеевка ауылдық округiнiң аумағында 1 жалпы бiлiм беретiн мектеп орналасқан. Шуйскi орта мектебiнде 27 мұғалiм жұмыс iстейдi, оқушылар саны- 121, мектепке дейiнгi сынып және шағын-орталық -38 бала. Ауылда бiр шағын-орталық бар, оған 25 бала барады. 2019 жылы мектеп бiтiрушiлер саны- 5, олардың 3 жоғары оқу орнына, 2 колледжға оқуға түстi.

Елбасының Жолдауына белгiленген- "Негiзгi мәселе — ауылдық жерлердегi бiлiктi педагог кадрлардың тапшылығы. Сондықтан, «Дипломмен — ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтiп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыруымыз қажет". 2019 жылы осы бағдарлама бойынша бiздiң мектептiң мұғалiмi несие алып, тұрғын үй сатып алды. Сондай — ақ Шуйское ауылында жас мамандарға арналған жатақхана-үйi бар. Ағымдағы жылы базалық шаруашылық қаражаты есебiнен "Ауыл — ел бесiгi" бағдарламасы аясында Шуйскi ОМ шатырын жөндеуге жалпы сомасы 1 млн.теңгеге сметалық құжаттама әзiрлендi, асхана мен акт залында жалпы сомасы 365 мың теңгеге жөндеу жүргiзiлдi.

Денсаулық сақтау

Макеевка ауылдық округiнде медициналық қызмет көрсетудi Шуйскi дәрiгерлiк амбулаториясы, Макеевка медициналық пунктi жүзеге асырады. Шуйскi дәрiгерлiк амбулаториясында штат саны -9,75, Макеевка медициналық пункте штат саны-1,5 бiрлiктi құрайды.Флюротексерiс жоспары 2019 жылға 100%орындалды. Ағымдағы жылдың тамыз айында Шуйскi ДА-нда 12 арналы электрокардиограф аппараты орнатылды.

Мәдениет және спорт

Ауылдық кiтапханада және ауылдық мәдениет үйiнде өткiзiлетiн iс-шаралар ауылдық округ тұрғындарының мәдени өмiрiнiң дамуына ықпал етедi. Мәдени-көпшiлiк мерекелердi өткiзуге ЖШС, ШҚ және ЖК демеушiлiк көмек көрсетiледi. Сондай-ақ есептi кезеңде негiзгi шаруашылықпен музыкалық жабдықтарды сатып алу үшiн 120 мың теңгеге демеушiлiк көмек көрсетiлдi. Мемлекеттiк саясат басымдықтарының бiрi-салауатты өмiр салтын қалыптастыру. Осы мiндеттi орындау үшiн округте бiр спорт залы, стадион, хоккей корты жұмыс iстейдi. Бiрнеше рет ұлдар мен қыздар футбол командасы аудандық және облыстық деңгейлерде жүлделi орындарға ие болды. Жастар жылы аясында базалық шаруашылық есебiнен футбол бойынша ұлдар мен қыздар командалары үшiн 252 мың теңге сомасына спорттық киiм сатып алынды. Жастарды қолдау және салауатты өмiр салтты насихаттау мақсатында 2020 жылы мемлекеттiк-жеке серiктестiк арқылы заманауи технологиялар бойынша футбол алаңын салу жоспарланған.

Сумен жабдықтау

Макеевка ауылдық округiнiң су құбыры желiсi "Атбасар су" ШЖҚ МҚК-ның теңгерiмiнде. 2019 жылдың соңына ауылдық округте 240 ауланың жалпы санынан орталық су құбырына қосылғандар саны 167 немесе 70% құрайды.

Ағымдағы жылдың маусым айында "Шуйское ауылындағы су құбыры желiлерi мен имараттарын қайта құру" жобасының бiрiншi кезеңi басталды. Жобаны жүзеге асыру екi жылға есептелген. 2019 жылға республикалық бюджеттен 380 243,4 мың теңге, облыстық бюджеттен 38 010,4 мың теңге бөлiндi. 2020 жылға республикалық бюджеттен 225 366,3 мың теңге, облыстық бюджеттен 25 040,7 мың теңге.

Қоғамдық тәртiп

Ауылдық округi аймағында қоғамдық тәртiп жұмысын жасау iс әрекетiн УПП(учаскелiк полиция пунктi) қамтамасыз етедi. Оның құрамында 1 қызметкер: учаскелiк инспекторы Б.А.Өтеуов. ЖШС өндiрiстiк нысандарында, ауылға кiре берiсте, 4 дүкенде және Шуйскi орта мектебiнде бейнебақылау камералары орнатылды.

Мал дәрiгерлiк

Ауылдық округi аймағында мал дәрiгерлiк бақылауды мал дәрiгерi Қ.Т. Сыздықов жүзеге асырады. Уақытында барлық жоспарланған ветеринарлық- диагностикалық тексерiстер, егулер және алдын ала емдеу iс шаралары жүргiзiледi.

2020 жылға басымдықты мiндеттер:

 — Елбасының Жолдауын жүзеге асыру үшiн ауылдық округтiң одан әрi әлеуметтiк-экономикалық дамуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасады;

- Ауылдық жерлерде шағын және орта бизнестiң одан әрi дамуын қолдау, кәсiпкерлiктi несиелендiруге көмектесу.

- Бизнестiң әлеуметтiк бағыттылығы бойынша жұмысын жалғастыру, осы мақсатта барлық шаруа қожалықтарымен келiсiмшарттар жасалады;

- округiмiздiң ауылдарын абаттандыру және санитария бойынша жұмыстар жалғастырылады;

-"Шуйское ауылындағы су құбыры желiлерi мен имараттарын қайта құру" жобасының сәттi iске асыру.

Мемлекет, аудан басшылығының қолдауымен барлық оң нәтижелерге қол жеткiздiк. Базалық шаруашылық «Шуйское — XXI» ЖШС-нiң, "Алем 777" ЖШС-нiң басшылығына, ауылдық округ мекемелерi мен ұйымдарының басшыларына және олардың ұжымдарына, шаруа қожалықтарының басшыларына, жеке кәсiпкерлерге олардың жұмысы, қолдауы, демеушiлiк көмек көрсеткенi және ауылдық округ өмiрiне белсендi қатысқаны үшiн алғысымды бiлдiргiм келедi.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң стратегиялық адал, ойластырылған саясатының және барлық тұрғындардың тату, ұйымшыл, әлеуметтiк бағытталған жұмысының арқасында бiз ауылдық округiмiздiң, ауданның және жалпы Қазақстанның дамуында үлкен табыстарға қол жеткiземiз деп сенiмдiмiн.

Дата публикации
03 августа 2020