Дене шынықтыру және спорт
Атбасар ауданының спорт саласының оң нәтижесі ретінде спортпен жүйелі түрде айналысатын адамдар санының көбеюі, сонымен қатар спорт ғимараттарының көбеюі, мектептердің дене шынықтыру оқытушыларымен жоғары қамтылуы және көптеген спорт мекемелерінің өз қызметтерін тегін негізде көрсететіндігі, бұл халықтың спорт объектілеріне қолжетімділігін арттырады.
Ауданда 139 спорт ғимараты бар, оның ішінде 81 жазық ғимарат; 42 спорт залдары, футбол алаңының жасанды жабумен стадион, 1 Жабық хоккей корты, 1 Жасанды жабумен шағын футбол алаңы, 1 жүзу бассейні бар дене шынықтыру – сауықтыру кешені. Ауданда әр түрлі секцияларда 14779 адам спортпен шұғылданады.
Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын барлық жастағы тұрғындарды саны 2017 жылы 13269 адамнан 2019 жылы 14779 адамға дейін ұлғайды.
9 ауылдық округте спорт бойынша әдіскерлер бар (Шұңқыркөл, Тельман, Ярославский, Есенгелді, Ақан Құрманов а/о, Полтавка а/о, Бастау а / о, Сочинский а / о, Новосельский а / о).
|
|
2017 |
2018 |
2019 |
|
Дене шынықтыру ұжымдарының саны, бірлік |
103 |
103 |
103 |
|
Дене шынықтыру және спортпен айналысатындар саны, адам |
13269 |
14438 |
14779 |
|
оның ішінде ауылда |
6290 |
6647 |
6673 |
Соңғы 3 жылда бұқаралық спортты дамыту мақсатында 114-тен астам спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді. Балалар спорт мектебінде секцияларда шұғылданатын балалардың саны 796-дан 799 оқушыға дейін артты (спорт түрлері бойынша: грек-рим күресі, ауыр атлетика, жеңіл атлетика, футбол, бокс).
Көкпар, тоғыз құмалақ, қазақ күресі, Бәйге сияқты ұлттық спорт түрлері белсенді дамуда.
Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын тұрғындардың саныын арттыру үшін, спорттық іс-шаралар өткізіледі. Ірі іс-шаралардың бірі "Хрустальный колос" қысқы аудандық спартакиадасы болып табылады (спорттың 6 түрі бойынша: президенттік көпсайыс, спорттық балық аулау, қар үстіндегі шағын футбол, отбасылық старттар, шаңғы жарысы, шорт-трек). Сонымен қатар, жыл сайын "Ақ бидай" жазғы аудандық спартакиадасы (спорттың 9 түрі бойынша: стритбол, волейбол, футбол, ж/атлетика, президенттік көпсайыс, ү/теннис, шахмат, дойбы, отбасылық старттар), ұлттық спорт түрлері бойынша "Құлагер" аудандық спартакиадасы (5 спорт түрлері бойынша: қазақ күресі, тоғыз құмалақ, гір спорты, армрестлинг, қалалық спорт) өткізіледі.) Кеңес Одағының Батыры Ақан Құрмановты еске алуға арналған грек-рим күресінен ашық турнирлер және жасөспірімдер арасында бокстан турнир өткізіледі.
Ауданда мүгедектер қоғамы бар, олардың ішінен ауданның құрама командасы жасақталып, облыстық «Надежда» спартакиадасына үнемі қатысып, жеке есепте жүлделі орындарға ие болады.
|
|
2017 |
2018 |
2019 |
|
Дене шынықтыру және спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдер саны, адам |
2731 |
2518 |
2753 |
|
Оның ішінде ауылда |
1222 |
644 |
644 |
|
Жаттықтырушы-оқытушылар саны, адам |
81 |
84 |
86 |
|
Олардың ішінде арнайы білімі барлар |
5 |
10 |
6 |
|
жоғары дене шынықтыру білімі, |
76 |
74 |
80 |
|
|
2017 |
2018 |
2019 |
|
Спорт мектептерінің саны, бірлік |
1 |
1 |
1 |
|
Дамытылатын спорт түрлерінің саны (олимпиадалық/ олимпиадалық емес), бірл. |
5 |
5 |
5 |
|
Дайындалған (СШҮ/СШ/ХДСШ), адам |
- |
- |
- |
|
Ұлттық құрамалардың құрамына енді, адам. |
- |
- |
- |
2019 жылы Атбасар қаласында жасанды жабыны бар шағын футбол алаңы ашылды, ол жас ұрпақты дене шынықтырумен және спортпен қамтуды арттыруға ықпал етеді.